Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 24-V Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы
Лицензия
Ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою комиссиясын құру туралы бұйрық 2025 ж.19 тамыз № 332
Стандарттарға сай емес мемлекеттік рәміздерді ауыстыру мен жою жөніндегі комиссиясының 2025 ж.19 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгеріс еңгізу туралы БҰЙРЫҚ 25 АҚПАН 2025 Ж.№137
БҰЙРЫҚ 2025 ж. 19 тамыз №331 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Мемлекеттік рәміздер туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
2025-2026 оқу жылы
«Менің рәміздерім-менің Отаным» Серикбекова Б.А.
«Менің рәміздерім-менің Отаным» Алжігітова Г.Қ.
«Тіл және рәміз-Тәуелсіздік жаршысы» құттықтау жариялау іс-шарасы туралы
«Мемлекеттік Рәміздер- Ұлт мақтанышы» тақырыбында видеоролик дайындау іс- шарасы туралы АНЫҚТАМА
«Мемлекеттік Рәміздер- ел мақтанышы» тақырыбындағы интеллектуалды ойын(іс-шара туралы)
«Тәуелсіздіктің тірегі-жастар» тақырыбындағы іс-шара(өзін-өзі басқару ұйымы) туралы АНЫҚТАМА
- ҚР мемлекеттік рәміздері туралы тәрбие жұмысының 2025-2026 ж.ж. жоспары
-
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу бойынша 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ - №1 ХАТТАМА Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі Стандарттарға сай емес мемлекеттік рәміздерді ауыстыру мен жою жөніндегі комиссия отырысы
- №2 ХАТТАМА Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі Мемлекеттік рәміздерді насихаттау комиссиясының отырысы
- 24.01.2022 ж. Анықтама «Рәміздер – мақтанышым» сынып сағаты
- Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу бойынша 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ
- Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу бойынша 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанындағы іс-шаралар ақпараты
- 2 "В" сынып "Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері"
- 5 "Ж" сынып "Мемлекеттің дамуындағы рәміздердің маңызы"
- ҚР мемлекеттік рәміздері туралы тәрбие жұмысының 2025-2026 ж.ж.жоспары
- 9 "А", 9"Г" сыныптары «Мемлекеттік рәміздер-мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің негізі»
- «Мемлекеттік рәміздер-мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің негізі» презентация
- «Менің туым. Менің Отаным!» бұқаралық челлендж туралы ақпарат
- Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу бойынша 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі
Это заголовок
Проснувшись однажды утром после беспокойного сна, Грегор Замза обнаружил, что он у себя в постели превратился в страшное насекомое.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа