Кітапхана І,ІІ тоқсан аналитакалық есеп

Кітапхана І,ІІ тоқсан аналитакалық есеп

 


Мектеп кітапханасының 2024-2025 жж. 2 тоқсанның оқу жылының жұмыс есебі.

С.Мәуленов атындағы № 37 мектеп лицейінің кітапханасында  Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай іс — шара өткізілді. 10 «А»сынып және сынып жетекшісі Омарова Айнұр Ғалымжанқызы» Майлин-әңгіменің хас шебері » іс-шарасын дайындап, өткізді. Іс-шара интерактивті түрде өтті , сонымен қатар сынып жетекшісі викторина ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Тарих  пәнінің мұғалімі Ахметова Г.М. “Тұрар Рысқұлов -ұлы тұлға” 10 “А” сыныбымен  маңызды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының қаһарманы,Алаштың ардақтысы Тұрар Рысқұловтың өмір жолынан мәлімет беріп,шығармашылығымен,еңбектерімен таныстырды.

«Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында кітапханада «Менің оқыған кітабым»атты

талқылау өтті Іс-шараның белсенді қатысушылары 4 «Е», 6 «А» және 9 «А» сыныптарының оқушылары болды.

Кездесу барысында қатысушылар оқыған шығармаларын талқылап, достары мен қатысушыларына ұсынды.

3  «Г» сыныбында және кітапханада «Тәуелсіздік-тендесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру. Желтоқсан роқиғасы арқылы жұздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған боздақтарымызды еске алу оқушылардың кеңейту.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай 8 «Г» сынып жетекшісі А.Д. Джузбаева кітапханада іс-шара өткізді. Талқылау барысында сынып жетекшісі заманауи әдістерді, атап айтқанда жасанды интеллектті қолданды. Шара соңында оқушылар осы тақырып бойынша кроссворд шешті.


Мектеп кітапханасының 2024-2025 жж. 2 тоқсанның оқу жылының жұмыс есебі.

С.Мәуленов атындағы № 37 мектеп лицейінің кітапханасында  Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай іс — шара өткізілді. 10 «А»сынып және сынып жетекшісі Омарова Айнұр Ғалымжанқызы» Майлин-әңгіменің хас шебері » іс-шарасын дайындап, өткізді. Іс-шара интерактивті түрде өтті , сонымен қатар сынып жетекшісі викторина ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Тарих  пәнінің мұғалімі Ахметова Г.М. “Тұрар Рысқұлов -ұлы тұлға” 10 “А” сыныбымен  маңызды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының қаһарманы,Алаштың ардақтысы Тұрар Рысқұловтың өмір жолынан мәлімет беріп,шығармашылығымен,еңбектерімен таныстырды.

 

 


 

Мектеп кітапханасының 2024-2025 1 тоқсанның оқу жылының жұмыс есебі.

«Оқұға құштар мектеп» жоспар бойынша, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қыркүйек айында 1-сынып оқушыларына экскурсиялар өткізілді.

Экскурсиялардың мақсаты: кітапханамен және  қормен танысу болды. Кітапханашылар  кітапхананың  ережелері туралы айтып берді.

 

 

Кітапхана жоспарына сәйкес кітапханада Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараға 6 «А» сынып белсенді қатысты. Оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация дайындады. Осыдан кейін жазушының әйгілі шығармалары, оның ішінде «Менің атым Қожа» повесі туралы айтылды. Сондай-ақ, басты кейіпкерлер, олардың сипаттамалары талқыланды. Соңында оқушылар осы шығарма туралы өз пікірлерімен бөлісті. Оқушыларды оқуға деген сүйіспеншілікке және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне белсенді қатысуға баулу үшін сынып жетекшісі Ғ. С. Ахметоваға жеке алғыс айтамыз.

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толып отыр.

Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, оның шығармалары қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетіне айрықша серпін берді. Ол өз заманының саяси-әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, қазақ халқының тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарын қорғауда зор үлес қосты.

Мектебіміздің кітапханашыларға арналып бекітілген тәрбие жоспарына сәйкес 8”Ә” сынып оқушыларымен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай шығармашылық отырыс өтті. Оқушылар Сәкеңнің өмірі мен шығармашылығымен танысып қана қоймай ол туралы қызықты мәліметтермен де ой бөлісті. С.Сейфуллиннің жеке бойындағы ерекшеліктермен әсемдікке, тазалыққа жаны құмар жан екенін естігенде қызығып таң қалысты.


Мектеп кітапханасының 2023-2024 оқу жылының жұмыс есебі.

«Оқұға құштар мектеп» жоспар бойынша, С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қыркүйек айында 1-сынып оқушыларына экскурсиялар өткізілді. Экскурсиялардың мақсаты: кітапханамен және  қормен танысу болды. Кітапханашылар  кітапхананың  ережелері туралы айтып берді.

1 «А» сыныбы

 

 

1 «В» сыныбы.

 

22-қыркүйек Тілдер күніне орай «Тілім менің тірегім» Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына шолу.

Кітапханада Қазақстандағы Тілдер күніне арналған сынып сағаты өтті.  7 «Ә» . сыныбының жетекшісі  Досанова Ж.К «Тілім менің тірегім» сынып сағатын өткізді.

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Оралхан Бөкейдің 80 жыл туғанына орай мектеп кітапахансында 7 Д сыныбы, сынып жетекшісі Құралбекова Ж.П. тәрбие сағатын өткізді. «Өмірі өнегелі қаламгер» атты тәрбие сағатын барысында Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармалар туралы мағлумат беріліді.

Ы. Алтынсарин, Б.Соқпақбаев кітаптарын оқып, әңгімелеу беру  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шара өтті.  3 «А» сыныбының сынып жетекшісі сыныппен бірге қызықты да тәрбиелік іс-шара өткізді,оның барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен маңызы туралы білді. Сонымен қатар мұғалім Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы және осы автордың ең танымал шығармаларының бірі «Менің атым Қожа» туралы материал дайындады. Оқушылар белсенді қатысып, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді.

Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің  1″А» сыныбы.

Бүгін біз оқушыларымызбен бірге  мектеп кітапханасында кітапханашы апай Бибисара Саматовнамен  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ертегілер еліне саяхат жасадық.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашаладық. Балалар кейіпкерлер жайлы  пікір ойларын айтты. Сұрақтарға жауап берді.Мектеп табалдырығын енді аттаған кішкентай бүлдіршіндерім  мектебіміздің өміріне белсене қатысып, әлі де  өздерін жақсы жағынан көрсете алады деген сенімдемін.

     27 қазан күні 5 «Д» сыныбына арналған “РӘМІЗДЕРІМ-МАҚТАНЫШЫМ”атты ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге дағдыландыру.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сабақ барысында түрлі рәміздер туралы ойындар өткізілді және балалар ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін, ой ұшқырлықтарын ортаға салды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, қорытынды жасалынды.

 

 

«Ерке өскен еркін елде мен бір жаспын,

Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын.

Ер жеттім толқынды өмір арасында-

Сондықтан менің жырым-өрен тасқын»

 

Жазушы драматург Қалижан Беққожиннің туғанына 110 жылдығына орай  мектеп-лицейінің кітапханасында дөңгелек үстел өтті.Бұл іс -шараға 9 «А» сыныбы белсенді қатысты.Сынып жетекші Омарова А.Қ . презентация және видео дайындап,шара сонында викторинаны өткізді.

 

7.12.2023 жылы Сырбай Мәуленов 37 мектеп-лицейінде  қазақ 9 сыныптар арасында «Кім алғыр»  сайыс сабағы  “Тоқырау” жылдарындағы демографиялық процесстер тақырбында өткізілді. Сайыста Қазақ әдебиеті, КСРО жылдары, Тәуелсіздік жылдары туралы сұрақтар қойылып, оқушылар мен ой алмастырдық.

«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында «Жыр алыбы Жамбыл» атты танымдық сабаққа 8 «А» сынып оқушылары қатысты.Оқушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа айтып, Атымтай Аружан терме орындады.

 

«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында мектеп -лицейінің кітапханасында 2 «В» сыныбының оқушылар мен сынып жетекшімен Лапенова Г.С.бірге «Бауырсақ» ертегісіне көрініс қойды.Қойылым барысында оқушылар жақсы ойын көрсетіп,өз ойларын жеткізді.

«Оқуға құштарлықты қалай арттыруға болады» атты жоба бойынша оқушылар арасында дебат ойыны өтті.

 

 

«Бір отбасы — бір кітап»

6 “Ә” сыныбының ата-анасы Әли Лейли Жұмабайқызы және мектеп кітапханашылары Бибісара Саматовна, Зарина Жангабыловна  “Бір отбасы-бір кітап” жобасы аясында оқушылармен керемет іс-шара өткізді.

Балалардың оқыған кітаптарымен талқылаулар жүргізіп, әдістермен ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, «Жырлайды жүрек» атты лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен мәнерлеп оқу, оның шығармашылық дүниесімен, ойшыл, ірі тұлға екендігі туралы ақпараттар берілді. Лейли ханым 6 “Ә” сынып оқушаларына “Ұлыма” атты өлеңін оқып беріп, мағынасын, бойыларына сіңіруі қажет қасиеттерді түсіндірді.

 

С.Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің кітапханасында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған іс-шара өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Б. К. Қайыркенова 8 «Б» сыныбына Ауғанстандағы соғыс туралы, соғыс қимылдарына қатысқан қазақстандықтар туралы айтып берді. Соғыс уақытында ауруханаларда жұмыс істеген әйелдерге жеке тоқталды. Оқушылар тарихи фактілерді білуге қызығушылық танытты.

«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында кітапханада 8 «Г» сыныбының оқушылар,  сынып  жетекшісі Есалова  А.Ш. бірге Мұхтар Мағауиннің білімділік танымын, шығармашылық қабілетін,тілдік қорын, ізденістерін арттыру атты сынып сағаты өтті.

Кітапханада 5 «Ә» сынып оқушыларымен бірге сынып жетекшісі А.П. Есенжол Қазақстанда Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында мұғалім оларды мерекенің пайда болу тарихымен және өткізілу ерекшеліктерімен таныстырды. іс-шара соңында әрбір қатысушы ата-аналар мен мұғалімдерге алғысын білдірді.

Кітапханада «Қош келдің,әз Наурыз!»атты іс -шара өтті.

5 «Е» оқушылар мен сынып жетекшісі Абдрашова А.Н. осы  іс-шарада белсенді қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар өлең дайындап, күй мен музыкалық нөмір шырқады.

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің  кітапханасында Қ.И.Сәтбаевтың 125 жыл толуына орай 6 «Е» сыныбының ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Іс -шараның барысында сынып жетекші Даметова Ш.Н. оқушыларға Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстырып, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы сөз болды.

 

С.Мәуленов атындағы мектеп-лицей кітапханасында «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» байланысты «Кітап-сарқылмас рухани қазына» іс-шара өтті.

Осы іс-шараға 4 «И»сынып белсенді қатысты.

Осы іс-шараны ұйымдастырған 4 «И»сынып жетекшісі Дюсенова Н.Б. алғысымызды білдіреміз.

7 «Г»сыныбы 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру , оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды -ұлтжанды  азамат етіп тәрбиелеу.​

 


ЕСЕП ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП- 1 ТОҚСАН

«Оқұға құштар мектеп» жоспар бойынша, С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларына экскурсиялар өткізілді. Экскурсиялардың мақсаты кітапханамен және  қормен танысу болды. Кітапхана қызметкерлері кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтты.

Қазан айында «Сіздердің көмекшілеріңіз: энциклопедиялар, сөздіктер және аңықтамалық кітаптар деген тақырыбына шолу өтті.

Шолу барысында балаларға анықтамалық әдебиеттерді қалай пайдалану керектігі, дұрыс материалды табу жолдары айтылды. Балалар анықтамалық әдебиеттің не үшін арналғаны туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар кітапханада «Абайдың қара сөздері» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында Абай шығармашылығының тұлға тәрбиелеудегі маңызы, жалпы тұлғаны қалыптастырудағы философиялық мазмұны мен маңызы туралы материал берілді. Бұл жұмыс өте ұзақ уақыт бұрын жарияланғанына қарамастан және бүгінгі күнге дейін өзекті және сұранысқа ие.

2 тоқсан ЕСЕП ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП 2022-2023

Желтоқсан айында құндылықтарға негізделген білім беру жобасы бойынша, кітапхананың бекітілген жоспарына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында“Сырбай оқулары” тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен кеш өткізілді.
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында ойып орын алатын Сырбай ақынның орны ерекше. Оқушылар өздерінің жүрек түкпірінен орын алған ақын өлеңдерін жатқа айтып,ортамен бөлісті.
Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі біз үшін өте маңызды болмақ. Кітап оқу — білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын дүние. “Кітап — көзі жұмыққа арзан, Көзі ашыққа маржан”-демекші, әрбір кітапты оқып қадірлейік!

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл толуына қарсаңында мектеп кітапхансында » Қырық мысал» жинағын мәнерлеп оқу іс-шара өтті.

«Менін сүйікті ертегім» осындай атаумен 4 Ә сынып оқушылардың арасында сурет байқауы өтті. Бұл байқауда оқушылар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін суреттеді. Барлық қатысушылар шығармашылықпен жақындап, бейнелеу өнеріндегі қабілеттерін көрсетті.

3 тоқсан ЕСЕП ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП 2022-2023

18 қаңтар 2023 ж «Оқұға құштар мектеп» жоспар бойынша, С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қаңтар айында «Бір отбасы -бір кітап»атты конференция өтті.

«Бір кітап-бір отбасы»

Құндылықтарға тәрбиелеу жобасы аясында қаңтар айы «адал айы» болып бекітіліп, мектеп кітапханасымен бірлесіп «Бір отбасы – бір кітап» акциялары ұйымдастырылды. Шараға әр сыныптан бір ата-ана және бір оқушы қатысты. Кітап – адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы.
Бұл акцияның мақсаты – отбасында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Бұл шараға ата-аналардың белсене қатысқаны қуанарлық жайт. Балалармен бірге қойылым дайындады. Көптеген отбасылар отбасылық оқуды, талқылауды және тәжірибені қолданады.
Үшінші сыныптардағы параллельдердің ішінде 3 «И» сыныптың сынып жетекшісі Дүйсенова Нұржамал Балташқызының дайындаған конференциясын атап өткен жөн.
Жұмысқа қарап, оқушылар тапсырманы орындауға байыппен қарады. Олар кітап оқудың пайдасын, қандай жанрлар мен кітаптарды ұнататынын айтты. Айта кету керек, балалар ұсынған кітаптар өте қызықты және ерекше.

«Менің сүйкімді кітабым» атты 9 сыныптар арасында конференция өтті. 9 «А» және 9 «Б» сыныптары белсенді қатысты. Конференцияға қатысушылар оқыған кітаптары мен шығармалары туралы баяндамалар дайындады. Қатысушылар өз жұмыстарын жеңіл әрі қызықты қорғады. Оқылған шығармалар басқа қатысушыларды қызықтырғаны да ерекше болды.

Құндылыққа негізделген білім беру жобасы аясында 17 ақпан 2023 ж. «Бір кітап-бір отбасы» акциясы мектеп кітапханасы мен бірігіп ұйымдастырылды. Акцияға әр сыныптан бір ата-ана және бір оқушы қатысты. Кітап-адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Бұл акцияның мақсаты-отбасында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Окуға құштар мектебінің жоспары бойынша 4 «Е» сыныптың сынып жетекшісі мектеп кітапханасымен бірлесе отырып «Өз ойыным» интерактивті викторинасын өткізді. Викторина барысында сынып жетекшісі қызықты тапсырмалар дайындады, олардың жауабын жігіттер бірге тапты.

4 тоқсан ЕСЕП ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП 2022-2023

«Бір отбасы-бір кітап» конференциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды. 2023 жылдың 14 сәуірінде отбасылық оқуға арналған кезекті конференция өтті.Оқитын отбасылар көбірек деп айтуға болады.Оқушылар ата-аналарымен бірге өз ойларын білдіре отырып, қызықты презентациялар дайындады.

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ-арналған іс-шара.

Мектеп кітапханасының 2022-2023 оқу жылының жылдық жұмыс есебі.

Оқу жылының басында кітапхананың мектеп қоры- 80615 дана , оның ішінде оқулықтар -77474 дана, көркем әдебиеті-3141 дана құрайды.
2022 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 2 сыныпқа арналған жаңа оқулықтар алынды.
Оқу жылының басында кітаппен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Төменде қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша кестелер берілген.

2022-2023 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын сынып оқушыларын кітаппен қамтамасыз ету.

Сынып

Контингент

Оқулықтардың саны

Барлығы берілді

1.1 қаз.177101770
2.2 қаз.170142380
3.3 қаз.154181860
4.4 қаз.192193648
5.5 қаз.167142310
6.6 қаз.140141960
7.7 қаз.175152625
8.8 қаз.146172482
9.9 қаз.154233542
10.10 ЕМ қаз.109252725
11.11 ЕМ қаз.84252100

Қазақ тілінде оқыту сыныптардағы оқулықтармен орташа кітаппен қамтамасыз ету

Сыныптар

Оқушылар саны

Орташа кіт.қамтам.ету

Барлығы берілді

1.1-4 қаз.693119658
2.5-9 қаз.7831712919
3.10-11қаз.193194825

2022-2023 оқу жылында орыс тілінде оқытатын сынып оқушыларын кітаппен қамтамасыз ету.

СыныпКонтингентОқулықтардың саны

Барлығы берілді

1.1 рус.224102200
2.2 рус.416176443
3.3 рус.366207320
4.4 рус.383228448
5.5 рус.349134537
6.6 рус.271144144
7.7 рус.271154950
8.8 рус.203173060
9.9 рус.208234784
10.10 ЕМ рус.115232645
11.11 ЕМ рус.88252175

 

Орыс тілінде оқыту сыныптардағы оқулықтармен орташа кітаппен қамтамасыз ету

Сынып

Оқушылардың саны

Орташа кіт.қамтам.ету

Барлығы берілді

1.1-4 рус.13891324411
2.5-9 рус.13021821475
3.10-11рус.203204820

Тілдер апталығы аясында қыркүйектің 20-сі күні мектеп-лицейінің кітапханасында ауқымды іс-шара өтті. 8 «А»  мен 8 «Д» сынып оқушысы мектеп-лицейінің кітапханашылармен бірге «Ұлт ұстазы» тақырыбында зияткерлік сайыс  өткізді. Бұл іс-шараға оқушылар үлкен дайындықпен келіп, белсене қатысты. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осы мерекеге Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің 11 «А» сынып оқушыларының қатысуымен “Ұлт ұстазы” атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күләш Эсалықызы қатысты. Конференция барысында қазақ тілі мұғалімі Айгүл Шаяхметқызы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы тың деректермен бөлісті,кітапханашы Бибісара Саматқызы ұлы тұлғаны дәріптеу мақсатында жүргізіліп жатқан осындай іс шараға алғысын білдірді.

Қыркүйек айында ақын С.Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуын мерекелеу аясында кітапханада «Сырбай ақынның өлендеріндегі сыр…» атты ақын шығармаларын үздік орындау байқауы өтті. Бұл шараға орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныптар белсенді қатысты. Әділ қазылар алқасы ретінде кітапхана ұжымы мен бастауыш буынның меңгерушісі Едіге Салтанат Серікқызы болды.

Кітапханада С.Мәуленовтің шығармалары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жылдық жоспарға сәйкес танысу экскурсиясымен сынып оқушыларымен әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында оқушыларға кітапхананы пайдалану, қорды орналастыру, кітапхана ережелері туралы әңгіме жүргізілді.

Оқырмандарды кітапханаға тарту және оқу мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 1 сыныптарға экскурсия өткізілді.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл. Туған күнге орай Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицей кітапханасында «Ұлт мақтанышы-Ғабиден Мұстафин» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға 7 А сынып оқушылары қатысты. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушы өмірбаяны айтылды. Шығармашылық жолындағы алғашқы туындылары, әдеби өмірінің әр кезеңінде жазылған сөзбен өрілген романдары, қанатты сөзге арналған өреліой-пайымдары таныстырылды. «Өмір мен өлім», «Шығанық», «Миллионер», « Қарағанды» романдары өз заманның ащы шыңдығын шынайы суреттеумен құнды. Жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында слайдтаржәне бейфнефильм көрестілді. Шара барысында қаламгердің келбеті, сөз зергері, замана жақсылығынбойына сіңірген халық жазушысы, ұлт мақтанышы екені жан-жақты ашылды.

Бастауыш сыныптарды әдістемелік біріктіру онкүндігі аясында кітапханада «О, спорт, сен әлем!» атты оқырмандар байқауы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салты туралы түсініктерді және спорттың пайдасын түсіңдіру.

Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-лицейінің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараның мақсаты – өз еліне деген патриоттық сезім мен мақтаныш сезімін ояту.
іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздіктің қалыптасуы туралы мағлұмат алып, өз пікірлерін білдіріп, талқылады.

8 «А» сынып оқушылары және мектеп кітапханашыларының ұйымдастырылуымен ақын, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Саин Жұмағали Саяұлының туғанына 110 жыл толуына орай іс-шара өткізілді. Оқушылар ақынның көптеген өлеңдерімен танысып, шығармашылығын жан-жақты талдады.

Кітапханада «Табиғат-біздің досымыз» тақырыбында таныстыру әңгімесі өтті. Сынып жетекшісі Қазақстанның Қызыл кітабының материалдарын негізге алды. Қызықты презентация дайындап, мұғалім қызықты блиц-сауалнама дайындады.

Кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал, біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы аясында Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларына
“Салауаттылық-денсаулық кепілі” деген тақырыпта мектебіміздің медицина қызметкерлерімен жүздесу болып өтті.
-Қазіргі таңдағы белең алып жатқан “Тұмау” жұқпалы ауруынан қалай сақтану керек?
-Ауырып қалған жағдайда не істеу қажет?
-Үйде өз бетінше дәрігердің бақылауынсыз ем-дом жасауға бола ма?
-Салауатты өмір сүру үшін не істеу керек?
Міне,осы сауалдар төңірегінде сөз қозғалып,ақ халатты абзал жандарымыздан ақыл-кеңес алды.

Сырбай Мәуленов атындағы #37мектеп лицейінің 4″в» сынып оқушылары мектебіміздің кітапханасында «Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!» атты сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:Наурыз мерекесі жайлы білген,түйгенін одан әрі толықтыру. Оқушыларға ұлттық өнеріміздің,ойындарды еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,
жаңарып осы заманғы өмірімізге кіруіне, құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханашылар Бибисара Саматовна мен Зарина Жангабыловна балалармен Наурыз жайлы ойларымен бөлісті.

 

Алғыс айту күні мерекесі Қазақстанда жақында пайда болды, бірақ Қазақстан халқы арасында танымал болды. Ктапханада Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Оған 4 Г сынып қатысты. Балалар мұғалімге, ата-аналарға және ата-әжелеріне алғыстарын білдірді. Мұғалім мерекенің тарихы, оның маңыздылығы туралы айтып берді.

«Жол ережесін сақтай білсін!» осындай атаумен 3 сыныпқа арналған сынып сағаты өтті. Жолдағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін білу қауіпсіз өмірдің кепілі болып табылады. Сынып жетекшісі қызықты және түрлі-түсті материал дайындады. Тұсаукесерде жаяу жүргіншімен де, автокөлік жүргізушісімен де жолда болуы мүмкін көрнекі жол белгілері мен әртүрлі жағдайлар көрсетілді.

 

«Ұлы Жеңіс -ұрпаққа аманат» осындай атаумен 6 Д, сынып жетекшісі Құралбекова Ж.П. дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, Отанымызды батыл қорғаған қазақстандық батырлар туралы ақпарат дайындады.

Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу аясында мектеп кітапханасында «Менің отбасым-менің байлығым» атты дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға 10 В сыныбының белсенділері қатысып, отбасының қоғам өміріндегі маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз отбасылары, отбасыларында қалыптасқан дәстүрлер мен ережелері туралы әңгімеледі.

2023-2024 оқу жылының 1 тоқсан есебі