Сәлеметсіздер ме, құрметті мектеп музейіне келушілер!

Сырбай Мәуленов әдеби-музейі қош келдіңіздер!

Біздің мектеп 1993 жылы 1- қаңтарда құрылды. Мектепке 2003 жылы ақын Сырбай Мәуленов есімі берілді.

Сырбай Мәуленов- Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Александр Фадеев атындағы күміс медальдың иегері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері және 1-дәрежелі мүгедегі, Ленинградты қорғауға қатысқан.  «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған.  Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын.

№1. 2017 жылы 2- қыркүйекте мектеп музейі ашылды

№2. Бұл фотоколлаж музейдің ашылу салтанатынан сыр шертіп тұр. Ашылу салтанатына ақынның немересі Арлан Газизұлы мен келіні Арай, қалалық мәслихат депутаттары қатысқан.

Музейде ақынның жеке заттары мен құжаттары сақтаулы тұр. Олар біз үшін құнды жәдігерлер. Сіздер көріп тұрғандай қабырғада кілемшелер, портреттер ілінген. Құжаттары мен кітаптары  қойылған. Осының бәрі де Сіздерге ақын өмірінен сыр шертеді.

№3-4. Мына қабырғада ілінген тұс кілемдер. Тұс кілемдерді музейге балалары сыйлаған. Ақынның 7 баласы болған. Ақын балалары туралы былай деп жырлайды;

Менің жеті балам бар,
Жеті арқа тірер асқарым бар,
Менің жеті далам бар.
Менің жеті аспаным бар.

Өздеріңіз көріп тұрғандай музейде ақынның бірнеше портреті бар.

№ 5. Бұл портреттің авторы  Исмайлов Есет Ахатұлы. Суретші. Ақтөбе қаласынан. Портретті 2003 жылы салып біздің мектепке сыйлаған. Бірегей туынды!

№6. Мынау ақынның самаурыны. Ақынның үйіне замандас ақын-жазушылар жиі келетін. Оларға ақынның зайыбы Күнжамал апай осы самауырдан шәй құйып берген.

№7-8. Қабырғаға ілінген үлкен банерлер ақынның мерейтойына байланысты әзірленген. Өздеріңіз көріп тұрғандай мына банер ақынның 80 жылдық мерейтойын көрсетіп тұр.

№9. Мына портреттің тарихын тыңдаңыздар. 1982 жылы Арқалық қаласында ақынның 60 жылдық мерейтойы тойланған. Осы мерейтойда Арқалық қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, қала әкімшілігі осы портретті сыйлаған.

№10. Мына портрет мектебіміздің оқушысы Нұғалиева Ажардың туындысы. Аса талантты оқушы портретті 7 сыныпта оқып жүргенде салып, музейге сыйға тартқан. Ажар мектебіміздің 2023 жылғы түлегі болып табылады.

Мынау заманауи электронды кітапхана. Музейге келушілер QR арқылы ақын туралы фильмдерді көріп зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұдан ары қарай тақырыптық бұрыштармен танысамыз. Бізде ақын өмірінен сыр шертетін 8 бұрыш бар. Жәдігерлер тақырып бойынша топтастырылған. Келушілер бұрыштар бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.


№1 бұрыш «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс деп аталады».

Бұл бұрышта соғысқа дейінгі және соғыс жылдарына қатысты құжаттар сақталған.

 №1 жәдігер «Анықтама» деп аталады. Бұл құжатта Сырбай ақынның әкесі Мәулен Тайұлы кедей шаруа екені көрсетілген. Ақынның тайпасы- арғын, руы -Аю болған. Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ол Арғын тайпасынан тарайтын Аю деген руына жатады екен. Атқа мінгенде екі тізесі аттың құлағына дейін жететін өте ірі адам болған. Ел аузында сақталған мынадай  оқиға бізге жетіп отыр. Бірде жер дауына Тай барады. Оны көрген қарсылас би:

– Арғындарда Тай осындай болса, аттары тіптен зор шығар – деп таңғалыпты.

Тағы бір қызықты оқиға ақынның руына байланысты. Ақының ұлы Қасымның айтуынша қазақтың қаһарман ұлы, батыр Бауыржан Момышұлы Сырбай ақынға телефон шалып; – Аю,медведь, встать! С тобой полковник Советский армий! – деп қалжыңдайды екен.

№2 жәдігер «Туу туралы куәлік» деген құжат. Бұл құжаттан ақынның әкесі -Мәулен, анасы-Алмагүл екенін білеміз. Ақын өзі туған күні туралы былай дейді:  1922 жылы жоқшылық айдап біздің үй Торғайдан толқындай төңкеріліп Сыр бойына көшіп келді. Мен сол жылы  17 қыркүйекте  «қара бұлттардың көз жасындай, қара жаңбыр құйып тұрған күз таңында» дүниеге келіппін. Атымды Сыр бойында туды деп Сырбай қойыпты. Анам жаңбыр жауса қатты қуанушы еді. Келесі жылы жазғұтырым біздің үй қайтадан Торғай даласына көшіп келді. 1932 жылы Торғайдан тағыда Сырға келдім. Менің балалық балғын кезім, жасөспірім өрімтал шағым Қызылордада құшағында өтті.   Халықтың мені біресе Сырдыкі, біресі Қырдікі деп айтуының сыры осы болса керек – дейді.

Мына №4-5 құжатта соғыста ауыр жараланып госпитальде жатқанын көрсетеді. Және алған жарақатқа байланысты соғыстан босатылғанын көреміз.

№6 жәдігер. Лейтенант Мәуленовтың «Ленинград қаласын қорғауға» ерлікпен қатысқаны үшін берілген медальдің көшірмесі.

№7-8-9-10-11 жәдігерлер хаттар. Ол хаттарды қандыкөйлек  жауынгерлер соғыстан кейін ақынға жазған.  

Хаттармен таныса отырып, авторлары әр түрлі ұлт өкілдері екенін, ақынның интенационалист жауынгер болғанын білеміз.

№2 бұрыш.

«Соғыстан қайтқан солдаттар»деп аталады. Бұл халықтың жүрегінен жол тапқан тарихи ән.  Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл бұрышта ақынға берілген медальдар мен орден көшірмелері сақтаулы тұр. Атап айтсақ,

№1. «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг»  медалі.

№5. «ЗА ОСВОЕНИЕ ЦЕЛИННЫХ ЗЕМЕЛЬ» медалі.

№6. «За победу над Германией в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг» медалі.

№7. «Двадцать лет победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг» куәлігі.

№8 «Тридцать лет победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг» медалі.

№10. «50 лет ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР» куәлігі.

Біз бұл жәдігерлермен таныса отырып, мемлекет ақынды Ұлы Жеңіске арналған медальдармен тұрақты марапаттап отырғанын көреміз.

№3 бұрыш.

«Әдебиет майданы» деп аталады. Жаралы жас ақын майданнан оралып екінші майданға кіріскен еді. Ол әдебиет майданы болатын.

№ 1 жәдігер. Құжаттың аты – Анықтама.  Соғыстан оралған жас ақын Сырбайдың 1943 -1949 жылдар аралығында Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде жұмыс істеген. Әуелі 1943 жылы 15 шілдеде газеттің меншікті тілшісі, одан кейін хаттар бөлімінің меңгерушісі, партия жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, редактордың жауапты хатшысы болып жұмыстар атқарады.

№8 жәдігер. Құжаттың аты – Бұйрық. Ақын шығармашылық жұмысқа ауысына байланысты республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы лауазымынан босатылған. Бұйрық 1977 жылы 27 сәуірде шыққан. Қол қойған жазушы Сайын Мұратбеков екенін көріп тұрмыз.

№ 10 жәдігер. Құжаттың аты – Қаулы. Халық ақыны Сырбай Мәуленовке «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы Қостанай қалалық Кеңесі халық депутаттарының қаулысы. Төраға Корнеев қол қойған.

№5 жәдігер. Құжаттың аты -Марапат. Украина мемлекеті Жоғары Кеңесінің Президиумы «Құрмет грамотасымен» марапаттаған.  

 Сонымен қатар Мемлекеттік сыйлықтың лауреатына атанған Дипломды, Мәскеу қаласына өткен декадаға қатысқаны туралы анықтаманы көріп тұрсыздар.

Мынау қапталында жазушының куәлігі мен партиялық билеті, медициналық кітапшасы және басқа да құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері қойылған.

 

№4 бұрыш. «Ақын өлеңдері мен ақын жайлы мақалалар» деп аталады.

Бұл бұрышта ақынды көзкөрген, сыйлас, пікірлес болған ақын – жазушылардың естелік эсселері мен әңгімелері топтастырылған.

№1 жәдігер. Ақын Ұлықбек Есдәулетовтың «Асқар тауға айналған ақын» деген әңгіме -эссесі, №2 жәдігер. Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың «Заңғардың зәулімдері» эссесі, Қоғабай Сәрсекееевтің «Өттің дүние дөңгеленіп» эссесі. Сонымен қатар, №12 жәдігерде ақынның ұлы Қасым Мәуленовтың «И жизнь моя блогодаря отцу» естелігі жарияланған.

№10-11 жәдігер. Қазақстанның ең беделді «Қазақ әдебиеті» әдеби журналы қойылған. Журналға ақынның өлеңдері жиі жарияланып тұрғанын көруге болады.

 

№ 5 бұрыш «Қолтаңбалы кітаптар» деп аталады.

Бұл бұрышқа 21 кітап қойылған. Кітаптардың барлығында авторлық қолтаңбалар жазылған. Сырбай аға өмірде жаны жайсаң, көпшіл жан болған. Көрнекті қаламгер ақын-жазушылармен аға- іні болып сыйласқан. Олардың кейбірі қолтаңбасын өлең шумақтарымен қалдырған.

Қолтаңбалы кітаптармен таныса келе ақынның шетелдік жазушылармен достығын білеміз. Мәселен Ләбиба Ихсанова деген татар жазушы «Саралан малайлары» деген кітабын қолтаңбасын жазып сыйлаған.

Ортада ілінген сурет ақының «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болып жүрген кезі.

№22-23 суреттерде ақын қаламгерлермен бірге түскен. Сырбайдың қасында белгі дауылпаз ақын Қасым Аманжолов тұр.

№24 суретте орыстың атақты ақыны Евгений Евтушенкомен 1974 жылы кездескен сәтін көріп тұрмыз.

 


№ 6 бұрыш. «Сыршыл ақын Сырбай» деп аталады.

Ақын бас -аяғы 40- қа жуық кітаптың авторы. Бұл бұрышты ақынның әр жылдары жарық көрген 14 кітабы қойылған. Сонымен қатар, өмірінен сыр шертетін фотосуреттер ілінген. №15 суретте ұлы Қасым Мәуленовпен бірге түскен. Сырбай Мәуленов дауылпаз ақын ағасы Қасым Аманжоловты қатты құрметтеген. Оның өлеңдерін жоғары бағалаған. Осындай құрметпен баласына Қасым деп ат қойған. Сырбай ақын отбасы туралы « – біздің отбасымызда ақын бар, енді бір ғалым болса екен» – деп армандаған. Әке арманын орындаған осы қасым болды. Қасым Мәуленов – ғалым, академик-жазушы адам. Мектебімізге жиі келіп тұрады. Музеймен тығыз қарым-қатынаста.

 

№7 бұрыш. «Өмірден қалған естеліктер» деп аталады.

Бұл бұрышта ақынның пайдаланған заттары қойылған. Оның ішінде біз үшін ең қадірлісі, ақынның саусақ табы қалған– «Прогресс» жазу машинкасы.

Ақын өзінің өлеңдерін осы машинкамен жазып отырған. Оның қасында тұрған көзілдірік қабы, қалта сағаты, қол сағаты бәрі де ақынның өмірінң соңында пайдаланған жеке заттары болып табылады.

Сырбай ақын соғысқа қатысқан майдангер ақын. Мына бес жұлдызды шлем, пилотка жас сарбаз болғанын көрсетіп тұр.

  Бұрышта жатқан фотоальбомнан классик жазушы Ғабит Мүсіреповты көріп тұрмыз. Жоғарыдағы портерттен ақынның жазу үстелінде отырған сәтін көріп тұрсыздар. №11 жәдігер. Соғыс жылдарында қандыкөйлек майдандастармен бірге түскен сурет.

№8 бұрыш.«Сырбайтану жұмыстары» деп аталады.

Бұл бұрышта мектептің Сырбайтану жұмыстарымен таныса аласыздар.

№16 жәдігер. Құжаттың аты -Қаулы.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысы қойылған. Бұл қаулыда Сырбай Мәуленовты мәңгілік есте қалдыру айтылған.

Осы қаулы бойынша ақынның зиратына ескерткіш бюст, Алматы қаласында тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық ескерткіш тақта орнатылған.   Сонымен қатар, Алматы, Қызылорда, Арқалық қалалары мен Жангелді ауданынан көше аттарын берілген.

№ 7 жәдігерде мектебіміздің ұлағатты ұстазы ғайния Ахметованың ақынға арнау өлеңі қойылған. Бұл арнау республикалық  журналға жарияланған.

Төменде музейге келушілерге арналған тапсырмалар жинағы қойылған. Тапсырмалар музейге келушінің жас ерекшелігін ескере отырып ақынның шығармаларынан алынған.

Астана қаласы

Білім беруді жаңғырту орталығына

 

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей

2021-2022 оқу жылы «Мәуленов мұражайының»

атқарған жұмыс есебі

 

Мектебімізге Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, І дәрежелі отан соғысы, «қызыл ту», «халықтар достығы», «құрмет белгісі» ордендерінің иегері, қазақстан республикасының халық жазушысы Сырбай Мәуленовтың есімі 1993 жылы берілді.

Оқушыларымыздың арасында Сырбай Мәуленовты дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар, ақын атында музей, кітапханамызда ақынға арналған бұрыш ұйымдастырылған.

Мектебіміздің қасиетті орындарының бірі – Мәуленов мұражайы. Білім ордасына келген әр қонақ міндетті түрде осы орынға ат басын бұрары анық. Осы орайда оқу жылының басында  «Мәуленов мұражайының» жоспары жасалып бекітілді. Басты мақсатымыз – майдангер ақынның өмір, майдан жолын ұғындыра отырып, шығармаларын дәріптеу, ұрпақ санасына сіңіру, мұражай ішіндегі құнды жәдігерлермен мектеп оқушыларын хабардар ету, санаға зерделету болғандықтан, қыркүйек айынан бастап жұмыс басталып кетті. Қыркүйектің ортасында, дәлірек айтсақ, 17 қыркүйек күні ақын туған күніне орай әдеттегідей  жетекшілік ететін 10 А сыныбы оқушылары осы оқу жылындағы мұражайдың алғашқы жұмысын бастаған болатын. Осы орайда ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа оқып, ақын рухын бір серпілтті.

Сонымен бірге әр аптаның жұма күні белгіленген екі уақытта топпен (10-15 оқушы) сынып жетекшілерімен бірге мұражайдың тыныс-тіршілігімен танысып, ақын, оның шығармалары жайлы ақпараттар ала алады. Осы уақытқа дейін  мектеп оқушыларының көп бөлігімен мұражай таныстырылды. Осы қазан айында Сырағаңның әдебиеттегі орны мен шығармаларына берілген баға жайында «Мың өмірге құлаш ұрған ақын» атты 10 А сынып оқушыларымен конференция өткізіліп, оған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағұл Айнұр Русланқызы қатысып, өз пікірімен бөлісті. Соңында оқушылар ақын өлеңдерін жарыса нақышына келтіре оқып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Атқарылып жатқан жұмыстар Фейсбук  желісінде жарияланып отыр. Мұражай өзінің жұмысын ретімен жүргізіп келеді. Жоспарланған жұмыстардың бір легі – алдағы тоқсанның еншісінде.

Мұражайда жылдық бекітілген жоспар бойынша жұмыстар өз кезегімен жүргізіліп келеді. Әр аптаның жұма күніндегі  оқушылардың  ақынның өмірі мен шығармашылығы, мұражайдағы  жәдігерлер жайлы мағлұмат алды. Сонымен бірге 8-сынып оқушылары майдангер ақын жайлы өздерінің ой толғаныстарын білдіре отырып, «Сыры жұмбақ Сырағаң» тақырыбында эссе жазды. Сонымен бірге 11-сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында «Мың қолдар сау болсын деп…» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылар ақын жайлы, шығармалары жайлы білетіндерін ортаға салды. Аталмыш сыныптың оқушысы Жұмабаев Мағжан ақын жайлы өзінің төл жұмысын оқып, тыңдарман қауымды бір елең еткізді. Міне, осындай жұмыстар арқылы біз оқушыларымызға  ұлыларды ұлықтай білуді үйретудеміз. Ал, басқа жұмыстар – болашақтың еншісінде.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1241112983037506/

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1236303920185079/

Мәуленов мұражайындағы бір күн…

Әдеттегі жоспарланған кесте бойынша оқушылар ақын мұражайына ат басын бұрып, киелі орындағы ақын өмірі,шығармашылығы жайлы мағлұмат алып, мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысқан болатын.Алғашқыда мұражайға имене басып кірген оқушылар кейін бойлары үйренген соң көкейлеріндегі білгісі келген сұрақтарын да қоя бастады.Әсіресе, мектебімізге биыл ғана келген 8-сыныптың бір оқушысының ақынның Сыр өңіріндегі дүниеге келгенін естігенде , «Көрдіңдер ме, Сырбай ақын мен туған жерде дүниеге келген екен» деген мақтаныш сезімін өзі айтпаса да, өн бойынан байқау қиын емес еді.Осы сәтте ақынның «Соғыстан қайтқан солдаттарын» қосыла айтқандары да болды. Тіпті кейбірі келесі жолы ақын өлеңдерін тап осы жерде мәнерлеп жатқа айтуға уәделерін беріп те жатты.Олай болса, ақынның ұлы Қасым Мәуленов:»Мен Сырбай Мәуленовтің ұлы болғанымды мақтан тұтамын «- ,десе, біздің шәкірттеріміз ақын мектебінде білім алып жатқандарын мақтаныш етеді.Ендеше мақтан тұтатын тұлғаларымыз бен соларды мақтан ететін шәкірттеріміз көп болғай!

 

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1211231816025623/

Мың өмірге құлаш ұрған ақын жайлы …

Біз, Сырбай Мәуленов мектебінің ұстаздары мен білім алушылары, Қазақстанның халық жазушысы,Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері,майдангер ақын Сырбай Мәуленовтің өмір жолы,майдан жолы мен шығармашылығын, шығармаларының жазылу тарихы жайлы бұдан бұрын да айтып та,жазып та жүрміз.Олай болса, соның тағы да бір дәлелі ретінде күні бүгін мектеп кітапханасында 10 А сынып оқушыларымен өткізілген «Мың өмірге құлаш ұрған ақын» атты конференцияны айтар едім.Конференция барысында оқушылар ақынның майдан жолы, сол кезде туған шығармалары, ақынның естеліктері жайлы өз ойларын ортаға салды. Сырағаң түрлі тақырыпта қалам тербеген ақын болғандықтан, оқушылар туған жер,соғыс жайлы өлеңдерін,балладаларын нақышына келтіре орындап жатты.Аталмыш конференцияға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағұл Айнұр Русланқызы қатысып, алған әсерімен бөлісті. Майталман ақын Ғали Орманов:»Сырбай-өлең өнерінің шебер ұстасы.Оның қаламы жан дүниеңді әлдилей біледі.Сырбай Ұлы Отан соғысына солдат боп қатысып, оның өшпес таңбасын өз бойында бірге ала келген ақын»-, деп баға берген болатын.Олай болса, жырларымен жан дүниемізді әлдилей білген алдаспан ақын биыл 99 жасқа толып отыр.Жылдар жылжып өтсе де, біздің көңіліміздегі бар жұбаныш-Сырағаң есімі-елдің есінде, ол- халқымен,ұрпақтарымен мәңгі жасайтын ақын екеніне шүбә келтірмеймін.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1219971515151653/

 

Дәметова Шекер Нұрхамитовна және Өтепбергенова Гүлшара Бағдатқызы жетекшілігімен «11» А және «11» В сынып оқушыларымен бірге «Мың қолдар сау болсын деп…» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу.

Дамытушылық – Оқушыларды ақын өлеңдерінің эстетикалық-рухани құндылықтарымен таныстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту барысында өленнің негізгі идеясы, көркемдігіне талдай білуге жағдай жасау.

Оқушыларымыз Сырбай Мәуленовтің өлең жолдарын оқып, оның туындыларының мазмұны бойынша өз ойларын ортаға салды. Тіпті 11 «А» сынып оқушысы Жұмабаев Мағжан дөңгелек үстеліміздің тақырыбына орай өз эссесін жазып келіп, келген қонақтарымызды тұжырымды ойымен, кең, ауқымды сөз байлығымен таң қалдырды.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1236303920185079/

 

МӘУЛЕНОВ МҰРАГЕРЛЕРІ

4 ақпан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі мен Қостанай қаласы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы арасында Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық деңгейде «МӘУЛЕНОВ МҰРАГЕРЛЕРІ» атты телекөпір өткізілді. Телекөпір барысында №37 мектеп-лицей директоры Гульжан Дарибаевна мектеп тынысымен және мерейтой қарсаңындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Р.Баймағанбетов «Сырбайтану» курсы тақырыбы аясында баяндама жасаса, мұражай жетекшісі Ғ.Ахметова «Мәуленов мұражайы» жобасы негізінде мектептің киелі орнымен таныстырып шықты. Ал Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов есімі берілген мектеп-гимназиясы талантты әрі дарынды шәкірттердің тәрбиеленіп, білім алып жатқандығы туралы мақтана айтты. Сонымен қатар мектеп мұражайына саяхаттап, ақынның өмір жолына тағы да бір шолу жасалды. Қостанай қаласында орналасқан мектеп-гимназиясымен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалатын жұмыстарымыз өз жалғасын табатын болады.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1287550335060437/ 

Сырбай оқулары 3 номинация бойынша өткізілді:

1. «Сырға толы өлеңдер» номинациясы Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін жатқа оқу (20 өлеңнен кем болмауы тиіс). Қатысушы жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынуы қажет.

2. «Жырымды саған арнаймын» жас дарындар номинациясы   қатысушы ақынға арнаған өз төл туындысын оқиды. (Ақынның шығармашылық-адами келбетін, туған жерінің сұлу табиғатын, шежірелі тарихын танытатын және қазақ тілінің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету).

3. «Өлеңмен өрілген отты жылдар…» эссе жазу номинациясы – қатысушы  Сырбай Мәуленовтің соғыс тақырыбына жазылған өлеңдері бойынша эссе жазады, ақынның образын ашады.

Сонымен қатар мектебіміздің кітапханашыларының ұйымдастырумен мектеп кітапханасының бір бұрышына ақынның қолынан тамған туындылар мен шығармалар жиынтығы жазылған кітапшалар қойылған. Оқушылар үзіліс уақытында немес бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында кітапханаға барып, ақынның шығармаларымен таныса алады.

 

Мектеп-лицей директоры                                 Тулеуова Г.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Мырзағұл А.Р.

87027947194

 

Мектептегі поэзия айына байланысты 24 қараша күні  көрнекті ақынның бірі, өрнекті өлеңнің гүлі, балалар әдебиетінің бағбаны Нұрлан Нұрахметұлы Қалқа жас оқырмандармен кездесті. «Сырбайдың ғажап сырлары» атты мектеп музейі ұйымдастырған кездесудің тақырыбы «Отан – отбасыдан басталады» болды. Ақын тақырыпқа сай оқушыларға ұлттық және отбасылық құндылықтар туралы қызықты естеліктер айтып, өлеңдерін оқыды. Өз кезегінде мектеп оқушылары ақын есімін ғана емес өлеңдерін жатқа білетіндігін танытты. Оның себебі, ақынның өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына енгізілген. Жас көрермендер ақынның өлеңдерімен қатар жұмбақ, санамақ, жаңылтпаш айтудан өзара жарысқа түсіп тапқырлықтарын танытты. Сырбайша айтқанда:

Көз жетпейтін десек те,

Таудың шыны бар ,…

Теңіздің түбі бар …

Таудан биік,

Теңізден терең

Сенің жүрегіңді кім ұғар?…

Оқушылар ақын шығармаларына кеңінен тоқталып, қызықтырған

сұрақтарына жауап алды. Болашақ гид мамандығына машықтанып жүрген оқушыларымыз ақынға тақырыптық бұрыштарды таныстырды. Ақын қонағымыз мектеп музейіне қолтаңбалы кітап сыйлап, оқушылармен естелік суреттерге түсті.

Болашаққа ұждан мен ұятты алып,

Жыл құсындай ұшатын жиі аттанып.

Ақыны жоқ адамзат азып кетер,

Аққуы жоқ айдын көл сияқтанып.

Иә, кездесу соңында тәлімді, тәрбиелі жырларымен мектеп оқулықтарының мазмұнын арттырып жүрген ақынға  жазарыңыз таусылмасын деген жүрекжарды тілегімізді жеткізіп, алғысымызды білдірдік.

белгілі  этногроф, дінтанушы ғалым Санжар Керімбай мырза мектеп музейінде қонақта болып қолтаңбасын қалдырды.