Жоба құндылыққа
Ұлттық құндылықтар аймағы
Мектебімізде 16 қыркүйек күні құндылықтарды ұлықтауға арналған аймақтың ашылуы салтанатты түрде өтті.
2024-2025 оқу жылында тәрбие саласындағы ең басты өзгеріс – еліміздің барлық өңірінде жас ұрпақты тәрбиелеуге негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы».
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.
Аймақты ашу құрметі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі,Астана қаласы әкімдігі жанындағы Тілдер кеңесінің мүшесі,”Заң” газетінің Парламенттегі тілшісі,ҚР Ақпарат ісінің үздігі төс белгісі иегері Айша Құрманғалиға берілді.
Ұлттық құндылықтар аймағында танымал тұлғалар, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық ою- өрнектер, ұлттық аспаптар үлгілері ұсынылды.
«Ұлттық құндылықтар» аймағы оқушылардың игілігіне табысталды
Балаға білім мен тәрбиені көрсете отырып беруге жұмыс жасайтын, ұлттық мүддеге жұмыс жасайтын аймақ болады деген сенімдеміз.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа








