Зорлық - зомбылық, оның адам жаны мен тәніне әкелетін зардабы туралы.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақыты ел. Балалардың барлығы бірдей, әрі тең. Олар ата – аналарынан мейірімділікті, сонымен бірге қатыгездікті де үйренді.
Отбасында ата – ананың мінезі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Отбасындағы зорлық – зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және оған бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылыққа тартылатынын да білеміз.
Баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді. Өз өміріңіз үшін жауапкершілікті өз мойнына алу, өз мақсаттарыңызды қою, өзіңізді және сезіміңізді тыңдауды үйрену, жағымсыз әсерлерді басу және жағымсыз нәрселермен сөйлесу, бірдеңе жағымсыз тәжірибе тудырған кезде төзбеу маңызды.
Қиын әлеуметтік, экономикалық және психологиялық жағдайларда қажетті көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына хабарласу керек.

2020-2021 оқу жылы

өткізілген іс шара 
 1

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

 жүктеу
2«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 7 «Ә» сыныбыжүктеу
3«Біздегі мәселелер» тақырыбында онлайн сынып сағаты  8 «А» сыныбыжүктеу
4

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі орындалған іс-шаралардың ақпараты

жүктеу
5

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ.  Презентация

жүктеу
6

«Зорлық – зомбылықтың алдын-алу.  Отбасы, мектеп, қоғамдағы мәселелер»

жүктеу
7

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі орындалған іс-шаралардың есебі

жүктеу

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Зорлық-зомбылық балалық шақ туралы ақпарат

 Балалардың құқығын қорғау және қатыгездіктен арашалау мақсатында мектебімізде түрлі жұмыс көздері ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп кітапханашылары Ахметова Б.С. мен Оразбаева Б.К. көмегімен «Қоғамда қатыгездік жоқ!» тақырыбымен мектеп оқушыларына арналған кітап көрмесін ұйымдастырылды. Кітапханашылар көрме ұйымдастырып қана қоймай, тақырыпты мазмұндық жағынан ашу мақсатымен, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын да қатар жүргізді. Мұндай көрмелер оқушы үшін рухани азық екенін де айта кеткеніміз жөн.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айдарымен мақала жазу байқауы

9-11 сыныптар аралығындағы оқушыларға бір аптаға тапсырма берілді. Мақсатымыз,  басылымдарға жіберілетін мақалалар мен әңгімелерді таңдау болып отыр. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша таңдаулы деген мақала басылымға ұсынылып, «Алдаспан» республикалық журналында жарияланды.

Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына (заңды тұлғалар) кәмелетке толмағандардың мәселесін қарайтын «Сенім телефондары» туралы ақпарат оқу жылының қыркүйек айында 1-11 сынып оқушыларына толығымен жеткізілді. Сол сияқты мектептің бірінші қабатында «Ақпараттар» қабырғасында «Сенім телефондары» деген арнайы айдар берілген және әр мектеп оқушысының күнделігінің алғашқы бетінде жазылған. «Сенім телефондары» туралы ақпараттар ата-аналар жиналысында ата-аналарға жеткізіліп, ватцап желісі арқылы сынып жетекшілерінің көмегімен таратылды.