Директор блогы

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

 Біздің мектептің басты ұстанымы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген сапалы білім беру. Біз білімді тек пәндік мазмұнмен шектемей, оқушылардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, құрмет пен ынтымақтастық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруді басты мақсат етеміз.
Құндылықтарға негізделген білім беру – тұлғаның жан-жақты дамуына, саналы таңдау жасауына, қоғамда өз орнын табуына жол ашады. Әр сабақ пен тәрбие сағатында оқушының жеке пікірін құрметтеу, ашық диалог қалыптастыру, өзара қолдау мәдениетін дамыту басты назарда.
Біз үшін мектеп – тек білім ордасы ғана емес, үлкен тәрбие мектебі. Сондықтан әрбір оқушының қабілетін ашуға, көшбасшылық қасиетін дамытуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Құндылықтарға сүйенген білім – жарқын болашақтың кепілі.

Қабылдау кестесі:
Сейсенбі 11:00-13:00
Бейсенбі 17:00-19:00

Қабылдау кестесі>

Телефон: +7 701 498 8580

Мектеп директоры: Төлеу Гүлжан Дәрібайқызы

Туған жылы: 12.05.1976 ж.

Білімі:  жоғары

  • Қазақтың қыздар педагогтік институты «қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша диплом
  • А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистры

Директор болып тағайындалғанға дейінгі жұмыс орны: Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл

Кәсіби қызметі:

1998-1999 ж. Алматы қаласы, Абай атындағы №10 мектеп-гимназия., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

1999-2003 ж. Алматы қаласы, №74 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2003-2004 ж. Алматы қаласы, №49 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2004-2006 ж. Алматы қаласы, Политехникалық колледжі, қазақ тілі мұғалімі.

2007-2008 ж. Алматы облысы, Дәнеш Рақышев атындағы мектеп-интернат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2012-2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей, мектеп директорының міндетін атқарушы.

Марапаттары:

2015 ж. Алғыс хат, «Тәрбие ісінің үздік меңгерушісі», Тілдер басқармасы;

2015 ж. Алғыс хат, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК;

2015 ж. Алғыс хат, Білім басқармасы;

2016 ж. Алғыс хат, Білім басқармасы;

2016 ж. Диплом, ІІІ дәрежелі.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиада;

2018 ж. Международный семинар. «Интеграция вопросов экологического образования в учебно-воспитательный процесс»;

2018 ж. Алғыс хат, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Астана қаласы;

2018 ж. Құрмет грамотасы, «Білім-Ғылым-Инновация» интеграциялық орталығы;

2018 ж. Алғыс хат, Алыпсоқ федерациясы, Астана қаласы;

2018 ж. Алғыс хат, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі;

2018 ж. Мадақтама, ҚР Білім және ғылым министрлігі;

2019 ж. Алғыс хат, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі.

2020 ж. Алғыс хат, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы.

2020 ж. Құрмет грамотасы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы.

2021 ж. ІІ дәрежелі диплом, мектеп, лицей және гимназияларының директор орынбасарлары арасындағы «Soceti and Technolojies of the Future» республикалық ғылыми жобалар байқауының «Рухани жаңғыру» бағыты.

2021 ж. Алғыс хат., Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімі.

2025 ж. – «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды, Аманат партиясы, Астана қаласы.
2025 ж. – «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
2025 ж. – «Пайдалы 15 минут» сынып жетекшілерге арналған әдістемелік құралдың авторы.

Сұрақ қою формасы