You are currently viewing Ата-аналар назарына!!!

Ата-аналар назарына!!!

2024-2025 оқу жылына бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Мектепке құжаттар «eGov.kz» веб-порталы арқылы электрондық нысанда және білім беру мекемесінде қағаз түрінде қабылдау жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан мектепте жазылады.);

✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-нысаны
✅063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.

✅педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы (егер болса).