You are currently viewing Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Бүгін №59 мектеп-лицейінде Астана қаласының Әдістемелік орталығының бастамасымен өткен 1-ші қалалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл зияткерлік сайыста Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің пән мұғалімдері де бақ сынап, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

ІІІ дәрежелі диплом – қазақ тілі пәні мұғалімі Тулеуова Кулжан Дарбаевна

ІІІ дәрежелі диплом – бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Аида Бакытжановна

ІІІ дәрежелі диплом – математика пәні мұғалімі Мендибаева Гулнур Конырбаевна

ІІ дәрежелі диплом – орыс тілі пәні мұғалімі Женаева Жаннат Шунаевна

І дәрежелі диплом –  информатика пәні мұғалімі Мұқашова Айнұр Нұрғожақызы

І дәрежелі диплом – физика пәні мұғалімі Алибекова Гульден Зияшевна

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, денсаулық және кәсіби өсулерін тілейміз! Мұғалімдерге көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлаған бүгінгі іс-шара үшін олимпиада ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз!