You are currently viewing “Буктрейлер” бейнероликтер байқауы

“Буктрейлер” бейнероликтер байқауы

Халықаралық балалар кітабы күніне арналған Республикалық “Буктрейлер” бейнероликтер байқауында 7”А” сынып оқушысы Қуанышұлы Ерасыл 3-орын иегері атанды, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды (жетекшісі-Мусапирова Лазат Оразамбековна). Байқау мақсаты: шығармашылық қызмет негізінде қатысушылардың тұлғасын эстетикалық дамыту, білім алушылардың оқу белсенділігін арттыру. Байқауда Ерасыл Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық құндылықтарды талдаған. Мектебіміздің мақтанышы Ерасылды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!