You are currently viewing «Jasskills Астана 2023»

«Jasskills Астана 2023»

Бүгін, 2023 жылдың 28 сәуірінде, ерте жастан кәсіптік бағдар беру мен мектеп оқушыларын кәсіптік даярлау негіздері бойынша қалалық «Jasskills Астана 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оқушылар жыл сайын колледж студенттері қатысатын байқауға алғаш рет қатысты. Іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы КОМАРИНЕЦ МАРГАРИТА «WEB-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша жарыста жеңімпаз атанды. Біздің оқушы І дәрежелі диплом мен чемпионаттың алтын медаліне иеленді!!! Маргарита мен оның тәлімгері, информатика пәні мұғалімі Кариполлина Анара Қайроллақызын кәсіби байқаудағы жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Маргаритаға болашақ еңбек саласында бәсекеге қабілетті маман болу үшін өз білімін арттыруды тілейміз! Біз саған сенеміз!