You are currently viewing «Тиімді сабақты жоспарлаудың заманауи әдістері» атты оқыту семинары

«Тиімді сабақты жоспарлаудың заманауи әдістері» атты оқыту семинары

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде елорда мектептерінің биология, химия, география пәндері мұғалімдеріне арналған «Тиімді сабақты жоспарлаудың заманауи әдістері» атты оқыту семинары өтті. мектеп директоры Тулеуова Гүлжан Дәрібайқызы ұстаздарды құттықтап, жемісті еңбек тіледі. Семинардың пленарлық бөлімін Астана қаласы «Әдістемелік орталық» МКҚК әдіскері Бағаналинова Раушан Болатқызы бастады. Ол жаратылыстану пәні мұғалімдерінің назарын негізгі нормативтік құжаттарға, сабақтың мақсатын қоюға, қалыптастырушы бағалауды дұрыс өткізуге, кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығына аударды. Әрі қарайғы топтық жұмыстағы шеберлік сыныбында мұғалімдер сабаққа мақсат қою дағдыларын меңгерді, тапсырмалардың сабақ мақсатына сәйкестігін анықтады, сабақтың әртүрлі кезеңдерін пысықтады.

Семинардың секциялық бөлімінде  практикалық сабақтар көрсетілді. Әдістемелік шара соңында семинарға қатысушылар гидропоника аймағындағы оқушылардың жұмыстарымен танысты, мектебіміздің мақтанышы – жылыжайды аралады. Жылыжайдың еңбекқор иелері жетінші сынып оқушылары– келген қонақтарға жаңа піскен қызанақ, қияр, салат және ақжелкенді ықыласпен ұсынды.

Көктемнің шуақты ауа-райы, қала мектептері мұғалімдерінің ынтымақтастық арттырған семинарды өткізуге қолайлы жұмыс атмосферасын құруға ықпал етті. Мұғалімдердің әдістемелік қоржыны баға жетпес біліммен, бай тәжірибемен толықты деп ойлаймын.