Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 7 «Б» сынып оқушылары №63 мектеп-гимназиясында өткен робототехника бойынша жарыстарға қатысты. Нәтижелері осындай: Ахмет Мәди – 3 орын (категория «Кегельринг-квадро»), Салтаев Евгений – 4 орын (категория «Сумо»), Қалыбек Жалғас – 4 орын (категория «Арқан тарту»). Информатика пәнінің мұғалімі Жұмағазина Жансая Асқарқызын тәрбиеленушілерінің жетістіктерімен құттықтаймыз! Балалар екінші жыл робототехника бойынша жарыстарға қатысып, біртіндеп тәжірибе жинақтауда. Оқушыларымызды құттықтаймыз және оларға болашақ жарыстарда жеңістер тілейміз!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа