You are currently viewing МЕКТЕП ТАРИХЫ: ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ

МЕКТЕП ТАРИХЫ: ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ

Бүгін, 23 ақпан күні алтын ұямыздың 30 жылдық мерейтойына орай “Мектеп тарихы: жетістіктер жолы” атты іскерлік конференциясы өткізілді. Мақсаты – 30 жыл бойы мектебімізде орын алған жаңалықтар мен жетістіктерді оқушыларға, ата-аналарға насихаттау. Конференция аясында мектебіміздің бұрынғы басшылары Ахмет Базыл Әлдешұлы мен Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады. Сонымен қатар, мектебіміз ашылғаннан бері қызмет еткен және етіп келе жатырған әріптестеріміз де бүгінгі күннің сыйлы қонағы болды. Бүгінгі іскерлік конференцияда мектебіміздің талантты оқушылары мен өнерлі ұстаздары өз өнерлерін паш етті. Іскерлік конференцияны мектебіміздің директоры Тулеуова Күлжан Дәрібайқызы қорытындылады. Кешіміз 6-сыныптың оқушыларының орындауындағы “Ұстазым” әнімен аяқталды.

30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!