You are currently viewing Адалдық – асыл қасиет

Адалдық – асыл қасиет

«Адалдық – асыл қасиет» Баланы бүлдіршін, балдырған шақтан бастап, оның ата-анасы мен отбасы мүшелері адалдыққа үйретеді. Демек, бұл баланың келешекте саналы азамат болып өсуіне негіз болатын баспалдақ – ол отбасы тәрбиесі. Отбасы – бірлігі жарасқан орта, бала тәрбиесіндегі басты ұжым.
Отбасылық құндылыққа тәрбиелеу үшін өмірге «Өркендеу» бағдарламасы келді.
Мақсаты:
– жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, біліммен қаруландыру;
– кемеңгер Абайдың «толық адам» тұлғасына сай ұлттық дүниетанымы жаңарған, ақылды, қанағатшыл және ізгілік, кісілік қасиеті бар жаңа өмірге бейім тұлға тәрбиелеу;
Мектептерде сынып жетекшісі, оқушы, ата-ана үштік одағын құрып, білім алушылардың ұлттық отбасылық құндылықтарға оң бағдарын қалыптастыру.
«Адал жүріп, адал тұр» Абай атамыздың осы бір сөзі бүгінгі сұхбаттың мәні болып тұр. Солай болғандықтан, бүгінгі сұхбатымыз жалпыадамзаттық құндылық адами қасиеттеріміз бірі – «Адалдық» жайында жалғасын таппақ.
Өркендеу» ұлттық тәрбиенің алты(ата, әже, әке, ана, аға, жеңге) мектебі мен тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлауға, жұмысты үйлестіруге жағдай жасайды.