You are currently viewing Психология апталығы аясында мектеп психологтары жоғары, орта және кіші буын оқушылары арасында бірнеше тақырыпқа байланысты іс-шаралар жүргізді

Психология апталығы аясында мектеп психологтары жоғары, орта және кіші буын оқушылары арасында бірнеше тақырыпқа байланысты іс-шаралар жүргізді

Психология апталығы аясында мектеп психологтары жоғары, орта және кіші буын оқушылары арасында бірнеше тақырыпқа байланысты іс-шаралар жүргізді. Орта және бастауыш сыныптарға «Қауіпсіз интернет» атты алдын алу-ағарту жұмыстар жүргізілді. Жоғары буын оқушылары орта буынға ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны жайлы айтқан болса, орта буын оқушылары бастауыш сыныпқа ғаламтор желісін қалай және қанша уақыт қолдану қажеттілігі жайлы айтқан болатын. Компьютерде көп сағат отыру көру қабілетінің төмендеуіне және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкіндігі. Оқушылар бір-біріне әлеуметтік желілер дұрыс пайдаланса, зияны жоқ деген кеңестер бере білді, бос уақытты үнемдеу тайм-менеджмент ұғымымен танысты. Әлеуметтік желіден тек жақсысын алып, жаманын жоя білу керек деген ортақ ойға келді. Сонымен қатар, 6-8 сынып оқушылары үшін «Мен өз ренішіме кеттім», 8-10 сынып оқушыларына «Өтініш және менің оған деген көзқарасым» атты тренингтер жүргізілді. Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, оқушылардың көңіл-күйлерін арттыру, эмпатия мен әлеуметтік дағдыларды дамыту мақсатында жоғары буын оқушыларына тренинг-сабақтар өткізілді. Тренинг барысында ойын, арт-терапия элементтері қолданылып, оқушылар өзін-өзі ұстай білуді, өзіндік баға беруіне, эмоция мен сезімдерді басқара білуді үйренді. Алдын алу-ағарту жұмыстары тек оқушылармен ғана емес, сонмен қатар, мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен де жүргізілді. Мектеп әкімшілігіне және мұғалімдерге өмірде маңызды аспектілерді таңдап, қысқаша психологтан өзіне қажет чек-лист кеңестер алу ұсынылды.  Жалпы «психология апталығы» не берді? Оқушылардың өзіндік эмоцияларымен бөлісуі, өзін-өзі түсіне білуіне бағыт-бағдар беру. Біз балалардың мектеп өміріндегі жоспарларын жүзеге асыруына ата-аналардың және педагогтардың белсенділігіне қуаныштымыз.