Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім — ән -жырым!» атты мерекелік концерт болып өтті. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Мерекелік концертте оқушыларымызбен қоса мектебіміздің жас мамандаыда өз өнерлерін көрсетті. Сондай -ақ мереке қарсаңында ұстаздарымыз Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың алыс хаты, Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаттарымен, Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, Білім басқармасының алғыс хатымен, Алматы ауданы әкімінің алғыс хатымен, Аманат партиясының алғыс хатымен, мектеп дирекьоры алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа