You are currently viewing Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет

Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет», – деген еді. Осы орайда, бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен, «Жасыл мектеп» жобасы аясында Болат Өтемұратов қорының атынан берілген жылыжай ашылды.
Жылыжайдың ашылу салтанатына Еуразия Ұлттық университетінің химия-биология факультетінің қызметкерлері жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шапекова Нэля Лұқпанқызы, жалпы биология және геномика кафедрасының биология ғылымдарының докторы, профессор Абиев Сардарбек Әбиұлы, жалпы биология және геномика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Нұрсафина Ақмарал Жексенбайқызы мен Астана қаласы Білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сарамбетова Гульфара Бекболатовна, Болат Өтемұратов қорының қызметкері Дамир Бейсенбай қатысты.
Жылыжай — ең бастысы мектеп оқушыларының қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге, Табиғат-Анаға жақын бола түсуге, оқушыларымыздың зерттеушілік құндылықтарының қалыптасуына оң әсерін тигізетін дүние болмақ.