You are currently viewing «Тұғыры биік -туған жер!»

«Тұғыры биік -туған жер!»

«Тұғыры биік -туған жер!»

Республика күні – еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке. Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертте бастауыш, орта буын оқушылары өнерлерін ортаға салып, ән –жырдан шашу шашты. Республика күні қарсаңында мектеп ұстаздарының еңбектері еленіп, мектебіміздің бір топ ұстаздары Астана қаласы Білім басқармасының және мектеп-лицей директорының Алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік іс-шара «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!