You are currently viewing «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында іс-шара

«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында іс-шара

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында іс-шара өтті. Білім ордасында ата-ана мен оқушы, мұғалімдер үштік одағының бірлескен жұмысының нәтижесі көрінді. Жалпықалалық сенбілікте мектеп ұжымы мектеп айналасын қоқыстардан тазартып, 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің ұйымдастыруымен аймаққа шырша отырғызылды. Қазақстан Республикасының ұлттар достығы мерекесі ұлттық құндылықтарды дәріптеуге әртүрлі халықтың салт-дәстүрін, жорал¬ғыларын тамашалауға мүмкіндік жасады.«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында өткен мәдени шара соңында оған атсалысқан барлық мектеп ұжымы мен ата-аналар, оқушылар ерекше көңіл-күймен тарқасты.