You are currently viewing Жас көшбасшылар

Жас көшбасшылар

«Жас көшбасшылар» мектебінің кезекті жоспары негізінде және Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп лицейі базасында «Менің ойларым» дебаты №37, №51, №91, №92 мектептер арасында ұйымдастырылды. Бүгінгі дебатқа келген құрметті қонақтарымыз «Әйелдер күштері» альянсының төрайымы Тойкебаева Баян Жұмашқызы және Гулден Нұрдаулет, Астана қаласының маслихат депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі және №91 мектеп гимназиясының директоры Сегізбай Алмагул Тілектесқызы, және тәуелсіз эксперттер Оқу – ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу — әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен құрылған республикалық «Пікірталас клубы» жобасын дамыту кеңсесінің қызметкерлері Нұркен Дәулет Қайратұлы, Айтбай Еркеназ Темірбекқызы,Теңізбек Шыңғыс Айдарбекұлы, Астана қаласының мектеп лигасының кординаторы Еуразиялық ұлттық университетінің студенті Қайтарбек Құлия және Айдана Елнұрқызы қатысты. Дебат 2 раунттан тұрды. 1-раунтта 4 мектеп өзара сайысты, 1- раундтың тақырыбы осы раундта финалға №37 және №91 мектептер шықты. 2 раундта осы аталған мектептер сайысқа түсіп нәтижесінде №37 мектеп-лицейі 1-орынды именденді. Жас дебатерларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.