Өрт — өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіретін жағдай. Әрбір бала өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін білуі тиіс.
1. Сабыр сақтау
От немесе түтін пайда болғанда үрейленуге, айқайлауға немесе жүгіріп кетуге болмайды. Сабыр сақтап, тез әрі дұрыс әрекет ету қажет.
2. Ересектерге дереу хабарлау
Өрт туралы бірден ата-аналарға, мұғалімдерге немесе басқа ересектерге айту керек. Қажет болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
3. Жасырынып қалмау
Шкафқа, кереуеттің астына немесе жиһаз артына жасырынуға болмайды. Бұл құтқарушылардың табуын қиындатады.
4. Түтін болған жағдайда еңкейіп немесе еңбектеп қозғалу
Түтін жоғары көтерілетіндіктен, төменгі жақта ауа салыстырмалы түрде таза болады.
5. Лифтті қолданбау
Өрт кезінде лифт істен шығуы мүмкін. Ғимараттан тек баспалдақ арқылы шығу қажет.
6. Тыныс алу жолдарын қорғау
Мүмкіндік болса, ауыз бен мұрынды суланған орамалмен немесе киімнің жеңімен жабу керек.
7. Сыртқа шыққан соң қайта кірмеу
Заттар немесе ойыншықтар үшін ғимаратқа қайта оралуға болмайды.
Тыйым салынады:
• сіріңкемен және оттықпен ойнау
• электр құралдарын ересектерсіз қосу
• өртті өз бетімен сөндіруге тырысу
Ата-аналарға ұсыныс:
Балалармен бұл ережелерді үнемі қайталап, эвакуация жолдарын алдын ала көрсетіп отыру маңызды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа