Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі : А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім мен ғылым министрінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы
№26 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
— 1-ауысымның оқушылары мектепке 7 сағ.45мин. кеш емес, 2-ауысымның оқушылары – 13.45-тен кеш емес уақытта келулері қажет.
— Ауысымдық аяқ киім барлық сынып оқушылары үшін жылдың барлық мезгілінде міндетті. Ауысымдық аяқ киімді арнайы пакетте сақтау қажет.
— Мектеп формасының түсі мен фасоны үш түстен артық қоспасыз классикалық стильде сақталады. Мектеп формасының түсі – қара көк.
— Ер балаларға арналған мектеп формасына кіреді: пиджак, жилет, шалбар, парадтық жейде, күнделікті жейде (қысқы уақыт: трикотажды жилет, водолазка). Ұл балаға арналған шалбар еркін пішімді және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады.
— Қыз балаларға арналған мектеп формасына кіреді: пиджак, жилет, көйлек, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақыт: трикотажды жилет, сарафан, водолазка). Қыз балаға арналған шалбар еркін пішімді және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады.
— Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық форма келесіден тұрады: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім
(кроссовка, кеды).
— Мектеп формасына әр түрлі діни киімдердің элементтерін қосуға жол берілмейді.
— Мектеп формасына қойылатын талапқа киім немесе аксессуарда жарақат алуға мүмкіншілігі бар киім жатқызылмайды.
— Әшекей бұйымдарды тағу ұсынылмайды (ерекше назар аударатын көлемі үлкен сырғалар, түйреуіштер, мұрынға салынатын сырғалар, пирсингтер).
— Білім беру ұйымындағы оқушының сыртқы келбетін қалыптастыру мақсатында оқушының шаш қою үлгісі классикалық түрде, шаштың түсі табиғи (немесе табиғи түске жақын) түрде болуы қажет.
— Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, оттық, өткір және кесуші заттарды, газ баллондарды, қаруларды (соның ішінде газдық, пневматикалық немесе имитациялық), ойын карталарын алып келуге тыйым салынады.
— Ата-аналар мен оларға теңестірілген заңды өкілдер орта білім беру мекемесінде оқушылардың белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз
етеді
2. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
3. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау

Нашар көретіндерге арналған нұсқа