Кешенді  сипаттау:

Алдарыңызда киіз үйіздің  бөлігі орналасқан.  Киіз үй  кереге мен шаңырақты жалғастырып тұратын уықтардан, шаңырақтан тұрады. Бүкіл киіз үй кілемдермен, текеметтермен, алашалармен төселеді. Мынау- киіз үйдің төрі.Төрде  киіз үйдің керегесінде қазақ халқының ұлттық киімдері ілулі тұр. Олар: шапан қалпағымен, қамзол көйлегімен, қыз баланың көйлегі, ер баланың ұлттық киімі. Қазақ халқы – қонақжай халық, дастархан сүрленген етке, құртқа, бауырсаққа толы болған.Үстелдің үстінде асханалық мүліктертер бар: самаурын,  ағаштан жасалған астау, ағаш кеселер , шұңғыл аяқ, шөген ,қымыз су  сақтауға арналған қоржын. Сорпаға арналған ең үлкен қасық «шөміш» деп аталады, тамақты, бауырсақты темір кекпірмен араластырады. Жалпы киіз үйдің оң жағы әйел адамдарға арналған. Әйел адамның заттары тұратын болған. Бесік, төсек жиналған сандық, баланың керуерті , күбі, жіп иіру станогы.   Шыны стеллаждарға назар аударыңыздар.Бірінші стеллажда біз қазақ халқының ұлттық бас киімдері: тақия (қыздардікі, ұлдардікі, қалпақ, сәукеле), сонымен қатар қоранның сүресі, таспих көріп тұрмыз .Екінші, үшінші стеллаждарда ұлттық әшекей- бұйымдар: сақина, жүзік түрлері, қапсырма, сырға, білезік түрлерін, моншақ бар.Төртінші стеллажда қазақ халқының ұлттық аспаптары: домбыра, қыл- қобыз,қобыз, қос –мүйіз бар. Осы стеллаждың астында қол тігін машинасы (20 ғасыр), диірмен , темірден жасалған арба (20 ғасыр) және таразы 1901 жылғы . Шыны стеллаждың жанындағы үстел  қазақ халқының мал шаруашылығына арналған. Төрт түлік малдың түрін көріп тұрмыз: түйе, жылқы, қой, сиыр. Кіре берістің сол жағында аулағыш құспен аңшылыққа шығуға арналған ат әбзелі: ер- тоқым. Қару-жарақтар; қылыш, шоқпар, садақ пен жебе,найза.

Қабырғадағы суреттерде «Алтын адамның» киімі барыс, бұлан,таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелер беретін «хайуанат нақышында» жасалған.