"Мектеп Президентін сайлау" пилоттық жоба

Бүгін 19 қыркүйек 2022жылы Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы #37 мектеп лицейінің Президентін сайлау өтті.
Сайлау Астана уақыты бойынша 9:00 басталды. Сайлау комиссиясының төрағасы Княз Жасұлан дауыс беру бюллетеньдерін салуға арналған жәшікті тексеріп, пломба жасап бекітті. Бақылаушылар мен тіркеу бөлімі өз жұмыстарын жауапты атқарып, оқушыларды кесте бойынша қабылдады. Дауыс беру жұмысы жоспар бойынша басталды.
Президенттікке үміткер оқушылардың сайлауалды жасалған үгіт насихат жұмыстарының нәтижесінде әр оқушы, өз фавориттеріне дауыс берді. Дауыс беру уақыты аяқталған соң артылып қалған бюллетеньдер жойылып, жәшіктің пломбасы ашылып берілген дауыстар саналды. Нәтижесінде:
Жолдас Айша 704дауыс
Баймаганбетова Айым 528 дауыс
Мынбаев Нұрислам 487 дауыс
Ақылбекова Іңкәр 356 дауыс жинап,
9 «г» сынып оқушысы Жолдас Айша жеңіске жетті. Мектеп оқушыларының үмітін ақтап, жаңашылдық әкеледі деген сеніммен жаңа президентті жеңісімен құттықтаймыз.

С. Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде «Мектеп Президентін сайлау туралы» ережесінің 4 бөлімі 32 тармағына сәйкес 24 қазан күні қайта сайлау өтті.

Учаскелердегі сайлаушылардың жалпы саны -2740, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны – 2513 (91,7%).

Сайлауға қатысқан екі кандидатқа дауыс беру келесідей нәтижемен аяқталды: Катвалян Офелья – 982 (39,07 %), Кульмаева Томирис – 1453 (57,8%).

2017  жылғы 24 қазандағы мектеп Президентін сайлаудағы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың негізінде өткен сайлау жарамды деп танылып, 9 «А» сынып оқушысы Кульмаева Томирис мектеп Президенті болып сайланды.

Астана қаласы С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде өткізілген «Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасы өз мәресіне жетті. Сайлауға 11 кандидат қатысып, Аймахан Нұрбол  312  дауыс (11,3 %), Байгаманбетов Рауан  278 (10,1%), Буркутова Камила 84 дауыс (3 %) Жанабилова Жания 122 дауыс (4,4 %), Жасұлан Дина 118 дауыс (4,3 %), Катвалян Офелья 487 дауыс (17,7 %), Кенжалин Асқар 53 дауыс (2%), Кульмаева Томирис 506 дауыс (18,4%), Қалиқызы Гульзат 47 дауыс (1,7%), Тлегенова Амина 203 дауыс (7,4%), Усенова Алина 115 дауыс (4,1%) жинады.
«Мектеп Президентін сайлау туралы» ережесінің 4 бөлімі 32 тармағына сәйкес барлық кандидаттар дауыс берген сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын жинай алмағандықтан, ең көп дауыс жинаған екі кандидат Катвалян Офельямен Кульмаева Томириске 24 қазан қайта дауыс беру өткізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес мектептік сайлау комиссиясының жұмыс жүргізу барысы

«Дауыс беруге арналған кабинкаларды безендіру» байқауы

Дауыс беру кабинкаларын дайындау кезеңі

Мектеп Президенттігіне кандидаттарды үгіт-насихат жүргізу барысы

Мектеп Президенттігіне кандидаттардың сөйлеу кезектілігін анықтау

Мектеп Президентін сайлау