Жеңіл ермексаздан жасалған жұмыстар көрмесі казіргі уақытта «№37 мектеп-лицейі» КММ-де 5 «Н» сынып оқушысы, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы Амангелдіұлы Нұрмұхаммедтің жеңіл ермексаздан жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылуда. Нұрмұхаммед үлкен қызығушылықпен және ұқыптылықпен түрлі әдемі әрі ерекше бұйымдар жасап келеді. Оның жұмыстары шығармашылыққа толы және қиялының бай екенін көрсетеді. Көрмені тамашалауға оқушыларды, ата-аналарды, педагогтарды және мектеп қонақтарын шақырамыз.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа