You are currently viewing ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауы

ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауы

«Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 27 сәуірі күні 3-4 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді. Жалпы байқауға қала мектептерінің 148 оқушысы қатысты.
Мақсаты: Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу.
Міндеттері: 3-4-сынып білім алушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту; өлеңді мәнерлеп жатқа оқу арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту; сахнада жүру және сөйлеу мәдениетін (сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын, дикциясын) қалыптастыру.​
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Сейсек Бекнұр осы байқауға қатысып, 2 орынға иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбекова Әсемгүл Сейілханқызына шәкіртінің байқауға сапалы дайындығы үшін алғысымызды білдіреміз!