Бүгін, 12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні аталып өтілуде.
Бұл кездейсоқтық емес, бүгін қазақтың көрнекті геологы, Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн. Бүгінде қазақ ғылымын дамытатын Ұлы ғалымның ізбасарлары өте көп.
Өз ісіне адал, ғылымның дамуына зор үлес қосып жүрген ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Ал, 12 сәуірде ержүрек Юрий Гагариннің білімнің құдіреті мен ғалымдардың ақыл-ойы Ғаламның шексіз кеңістігін бағындыра алатынын дәлелдеп, ғарышқа қорықпай ұшуы кездейсоқтық емес.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары еліміздегі осындай маңызды шарадан қалыс қалмады: Ғарышкерлер және авиация күніне арналған мектепішілік конференцияға, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының көрмесіне белсенді қатысты. Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі басталғандықтан, бүгін ғана емес бірнеше күн бойы сыныптан тыс қызықты шаралар мен тартымды сабақтар өтетін болады.
Ғылымның қиял-ғажайыпты басып озатын уақыт келеді. Ғылыми гипотеза оны құруға негіз болған фактілерден әрдайым асып түседі. Жаратылыстану-математикамен сусындаған ғылыми көзқарас бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да ең үлкен күші. Ал болашақ біздің балаларда, олар алға қарай зор ынтамен қадам басып барады!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа





















