«Жолда жүру тәртібін сақта»

Бүгін ✓37 мектеп лицейінің кітапханасында 3″Ж» сынып «Жолда жүру тәртібін сақта» атты сынып сағатын өткізді. Алдын ала жоспар құрылды. Сабақта презентация көрсету үшін проектор қолданды. Сынып сағаты ойын -саяхат түрінде жоспарланды. Оқушылар өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, түрлі сұрақтарға жауап берді және бағдаршам ойыны арқылы жаңа жол белгілерін біліп, жолда жүру тәртібі туралы жадынама алды. Оқушыларға со) сабақ өте қызықты болды, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақта қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Барлық қатысушыларға алғысымыз зор! Өздеріңізге сақ болу үшін, жол жүру ережесін сақтаңыздар!