You are currently viewing ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ЖАРЫСТА ЖАРҚЫРАЙДЫ

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ЖАРЫСТА ЖАРҚЫРАЙДЫ

Бүгін, 3 наурыз күні 19 Сырбай Мәулен атындағы №37 мектеп лицейінде мұғалімдер мен оқушылардан құралған жұптар арасында «Екі жұлдыз» жарыста жарқырайды атты байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің талантты әрі өнерлі оқушылары мен мұғалімдерінен құралған 9 жұп өнер көрсетті. Байқау шарттары бойынша өнерпаздарымыздың ән айтудағы тазалығы, орындау шеберліктері, сахна мәдениеті және орындаудың көркемділігі, әртістік, сахналық тартымдылықтары бойынша бағаланды. Әрбір жұптың орындалған әні көрермендердің жүрегіне жетті. Бүгінгі байқауға Астана қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорнының Қазақ ұлттық аспаптар бөлімі, Домбыра сыныбының оқытушысы Дихан Нұрдәурен Амантайұлы және Театр бөлімінің оқытушысы Шәмші Жаңагүл Рестембекқызы төрелік етті. Нәтижесінде байқауға қатысқан 5 жұбымыз түрлі номинациялармен марапатталды. 3 орынға денешынықтыру пәні мұғалімі Шакиров Ерканат Мухтарович және 10 А сынып оқушысы Джумадуллаева Үміт ие болды. 2 орынға — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нығметова Лира Қасқырбайқызы және 9 Г сынып оқушысы Нұралы Дидар ие болды. 1-орынға — бастауыш сынып мұғалімі Сағындық Алланда Дәулетқызы және 8 «Г» сынып оқушысы Жақыпбаева Аяна ие болды. ЖҮЛДЕЛІ БАС ЖҮЛДЕГЕ — Мырзағұл Айнұр Русланқызы және 10 Ж сынып оқушысы, көптеген ән байқауларының жеңімпазы Серікханов Ақжол ие болды.

Бүгінгі байқауға қатысқан өнерлі әріптестеріміз бен талантты оқушыларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!