Бүгін, 21 желтоқсан күні, 11 “А” сыныбының белсенді ата-аналарының ұйымдастыруымен 4 локациядан тұратын, «Отансүйгіштік «құндылығына бағытталған квест-ойын форматындағы сайыс сабағы өткізілді. Мақсаты — ойын арқылы оқушыларға ұлттық рухты бойына сіңіре отырып, патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру. Ерекшелігі — ойынға оқушылар ғана емес, сонымен қатар, жас мұғалімдер де қатыстық.
Квест-ойыны барысында әртүрлі сынақтардан өтіп, жылдамдықты қоса отырып, берілген локациялар арқылы белгілі бір тапсырмаларды орындадық. Әрбір дұрыс әрі жылдам орындаған тапсырмалар үшін арнайы монеталарға ие болдық. Ойын өте әсерлі әрі қызықты өтті. Оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіру мақсатында мұғалімдерімізбен қатар жауапкершілік танытып, атсалысып жүрген 11 “А” сыныбы ата-аналарының орны ерекше. Дәл бүгінгідей керемет ойынды жоғары деңгейде өткізген ата-аналарымыз — Калимбетова Асель Омарбекқызы, Шакетова Айгул Жаксимуратовна, Кабланбекова Алмагуль Амантайқызы, Мұхамеджанова Нұрзила Жақсығалиқызына және сынып жетекшісі Ахметова Ғайния Сандыбайқызына АЛҒЫСЫМЫЗ ЕРЕКШЕ!
“ОТАНСҮЙГІШТІК” құндылығына арналған квест-ойыны қазақ халқының екінші әнұранына айналған “АТАМЕКЕН” әнімен аяқталды.

