Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Ұлттық мектеп лигасының мектепішілік кезеңінің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов қатысып жарыстың ашылу рәсімі өтті. Ұлттық мектеп лигасының мектепішілік кезеңінде спорттың баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, бес асық, асық ату, теннис түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Әр командаға дене шынықтыру пәні мұғалімдері жауапты болды. Ұлттық мектеп лигасынның мектепішілік іріктеу ойындарын тамашалауға келген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов бүгінгі таңдағы спорттық жарыстардың деңгейі, мүмкіндіктері бойынша сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұлттық мектеп лигасы жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және аудандық, қалалық деңгейде қоғамдық өмірге белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды даярлау. Бұл лигада мектептегі үздік деген спортшы оқушылар өнер көрсетті. Мектепішілік лига бұдан әрі әр сенбі сайын жалғасатын болады.
Біз қалалық деңгейге спортшы оқушыларымызды жыл бойы дайындай беретін боламыз.

