You are currently viewing СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ  “ӨЛЕҢІМ — ӨМІРІМ МЕНІҢ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ “ӨЛЕҢІМ — ӨМІРІМ МЕНІҢ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін, 16 қыркүйек күні, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп- лицейінде Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендері мен медальдарының иегері ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Өлеңім – өмірім менің» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Республиканың бірнеше аймақтарынан, соның ішінде Алматы қаласынан ақынның ұлы – Қасым Сырбайұлы Мәуленов, немересі – Саиджапар Казбекович Мәуленов, келіні – Жанна Турганбайқызы. Қостанай қаласының Сырбай Мәуленов атындағы және Қостанай облысы Жангелдин ауданы Милісай ауылындағы Сырбай Мәуленов атындағы мектептерден де қонақтар келіп, мектептеріндегі атқарылып жүрген жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, ақынның көзін көрген, естеліктерімен бөлісуге келген қоғам қайраткерлері – Серік Нығметоллаұлы Негимов, Серік Тұрғынбеков,сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту Басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы, білім беру ұйымдарының басшылары мен Қамқоршылық кеңесінің мүшелері де қатысты. Аталмыш ғылыми-практикалық конференцияға алғашқы құттықтау сөзі Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Амангельдиева Асыл Амангелдіқызына берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда лицей дәрежесін алып, Сырбай Мәуленовтің есімі қала, сондай-ақ республика деңгейінде танылып отырған білім ордасының осы уақытқа дейін басқарған және басқарып отырған басшылары Ахмет Базыл Әлдешұлы, Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы, Төлеуова Гүлжан Дәрібайқызы сөз алды.
Сондай-ақ, ақынның көзін көрген әдеби қайраткерлер де өз естеліктерімен бөлісті. Ақын есімін арқалаған мектептер арасындағы қарым-қатынас осыдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын, бүгін соның нәтижесі ретінде Қостанайдан келген әріптестеріміз де өз баяндамаларынмен бөлісті.
Конференция соңында ақынның ұлы, мұрагері Қасым Сырбайұлы Мәуленов сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
Мектебімізде Сырбай Мәуленовтің шығармаларын насихаттап, жас ұрпақтың бойына дарытып жүрген қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызының орны ерекше. Ғайния Сандыбайқызының жетекшілігімен Сырбайдың өлеңдерін ту еткен бір топ оқушылары ақынға арнау оқыды.
Іс шараның соңында қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру ұйымдары арасында ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Сырбайдың ғажап сырлары…» атты қалалық деңгейдегі эстафетаның нәтижесі жарияланды. Бүгін сол эстафетаның қорытындысы бойынша «Көркем сөздің шебері» номинациясы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі, «Асыл сөздің ұстазы» номинациясы бойынша Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы,«Тыңдарман ілтипаты» номинациясы бойынша №73 мектеп-лицейі иеленді. Жүлделі ІІІ орын алғаны үшін №91 мектеп-гимназиясы Білім беруді жаңғырту орталығының мадақтамасы және 50.000 теңгелік сертификатпен, ІІ орын алғаны үшін мадақтама және 70.000 теңгелік сертификатпен Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 орта мектебі, І орын алғаны үшін мадақтама және 100.000 теңгелік сертификатпен Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп- лицейі, БАС жүлде алғаны үшін Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясы мадақтама және 150.000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Бүгінгі ұрпақ Сырбайша оқып, Сырбайша сөйлеуге ұмтылса, ертеңгі күні елдің елдігі, ердің ерлігі асқақтай түседі. Баршаңызды тағы да 100 жылдық мерейтоймен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!