2022 жылдың 1 қыркүйегінде Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Осы іс-шараға 1 сынып оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. Жиынның құрметті қонағы Нұр-сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, профессор Жасан Зекейұлы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдыжалилов Атахан Усмаханович болды. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп лицейдің директоры Гүлжан Дарибайқызы Төлеуова оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді Білім күнімен құттықтады. Еліміздің білім саласында жарқын және маңызды өзгерістер жайлы барлығымызға мәлім. 1 қыркүйек – білім мен тәрбиені, өсу мен өркендеуді ұлықтайтын мереке. Мереке қарсаңында қуанышты естеліктер мен сәттерге толы болсын.

