Бүгін, 4 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі мен Қостанай қаласы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы арасында Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық деңгейде «МӘУЛЕНОВ МҰРАГЕРЛЕРІ» атты телекөпір өткізілді. Телекөпір барысында №37 мектеп-лицей директоры Гульжан Дарибаевна мектеп тынысымен және мерейтой қарсаңындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Р.Баймағанбетов «Сырбайтану» курсы тақырыбы аясында баяндама жасаса, мұражай жетекшісі Ғ.Ахметова «Мәуленов мұражайы» жобасы негізінде мектептің киелі орнымен таныстырып шықты. Ал Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов есімі берілген мектеп-гимназиясы талантты әрі дарынды шәкірттердің тәрбиеленіп, білім алып жатқандығы туралы мақтана айтты. Сонымен қатар мектеп мұражайына саяхаттап, ақынның өмір жолына тағы да бір шолу жасалды. Қостанай қаласында орналасқан мектеп-гимназиясымен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалатын жұмыстарымыз өз жалғасын табатын болады.

Мәуленов мұрагерлері
- Post author:admin
- Post published:04 февраля 2022
- Post category:Жаңалықтар
