You are currently viewing «Модерация деген не?» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді

«Модерация деген не?» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді

Оқу үдерісінде модерацияны қолдану жолдары 2026 жылғы 21 сәуір күні мектеп кітапханасында әдістеме жетекшілерінің қатысуымен «Модерация деген не?» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді.
Кеңесте модерацияның білім беру үдерісіндегі маңызы, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, кері байланыс беру және фасилитация элементтерін қолдану жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар белсенді оқыту әдістерін енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру мәселелері талқыланды. Тәжірибе алмасу барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қорытындысында әдістемелік жұмыста модерация элементтерін жүйелі қолдану қажетілігі атап өтілді

.