Білім беру жүйесінде әрбір оқушының жеке ерекшелігіне қарай жұмыс жүргізу – заман талабы. Әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылар үшін арнайы тапсырмалар мен әдістердің болуы – олардың білімге деген қызығушылығын оятып, дамуына үлкен қолдау береді.
ЕББҚ оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы – инклюзивті білім беруді сапалы ұйымдастыруға көмектесетін маңызды құрал. Бұл жинақтарда тапсырмалар оқушының танымдық қабілеті, сөйлеу дағдысы, логикалық ойлау деңгейі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылады. Сонымен қатар, тапсырмалар бірізділікпен беріледі, қарапайымнан күрделіге қарай бағытталып, оқушының өз бетімен ойлануына, әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Мақсаттылық пен жүйелілік
Тапсырмалар жинағы оқушының оқу мақсаттарына жетуіне жүйелі түрде бағытталады. Әр тапсырма нақты бір дағдыны қалыптастыруға арналған. Бұл оқушының өз қабілетін дамытуына және оқу жетістігін көруіне мүмкіндік береді.
Диагностикалық тиімділік
Жинақты қолдану арқылы мұғалім оқушының білім алу барысындағы ілгерілеуін, қиындықтарын уақытылы бақылап, аралық, қорытынды және салыстырмалы диагностика жүргізе алады. Бұл білім сапасын арттыруға, оқу процесін оңтайландыруға ықпал етеді.
Жекелеген тәсіл
Әр оқушының даму қарқыны мен ерекшелігі ескеріле отырып, тапсырмаларды саралау – білімнің қолжетімділігін арттырады. Бұл әдіс оқушыға өз әлеуетін іске асыруға жол ашады. Мұндай жинақтарды қолдану арқылы мұғалім оқушының білім деңгейін нақты анықтап, дер кезінде қолдау көрсете алады. Тапсырмалар ойын элементтерімен, суреттермен, визуалды материалдармен толықтырылған, бұл өз кезегінде баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы – инклюзивті білім берудің негізгі құралы. Ол білім алуға деген ынтаны арттырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Ең бастысы – ерекше оқушылардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Сондықтан мұндай жинақтар әр ұстаздың әдістемелік қоржынында міндетті түрде болуы қажет.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа