Кітапханада ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби челлендж өтуде.

Бұл шара оқырмандарды ақынның сырлы да терең поэзиясымен қайта қауыштырып, рухани әлемін байытуға бағытталған. Челлендж барысында қатысушылар Мұқағали жырларын оқып, ой бөлісіп, оның мәңгілік мұрасының құндылығын сезінеді. Ақын шығармалары – жүрекке жол тауып, ұрпақтан ұрпаққа рухани азық болып келе жатқан асыл қазына.