ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАДНАМА, АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Құрметті ата-аналар!
Қызылша — ауа арқылы тез таралатын жұқпалы ауру. Аурудың алдын алу әр отбасының жауапкершілігі екенін ескертеміз.

Қызылшаның негізгі белгілері:
— дене қызуының көтерілуі (38–40°С);
— жөтел, тұмау, көздің қызаруы;
— 3–4 күннен кейін беттен басталып, бүкіл денеге таралатын бөртпе.

Алдын алу шаралары:
— Баланың жоспарлы екпелерін уақытында алуын қамтамасыз ету;
— Баланың иммунитетін нығайту;
— Қолды жиі жуу, жеке гигиенаны сақтау;
— Ауру белгілері байқалса, баланы мектепке жібермей, дереу дәрігерге қаралу.

Маңызды:
— Ауру белгілері бар баланы ұжымға жіберуге қатаң тыйым салынады;
— Өздігінен ем қолданбаңыз.

Балаларыңыздың денсаулығы — біздің ортақ жауапкершілігіміз!

 

 

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

— Оқушылар арасында қызылшаның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
— Ауру белгілері байқалған жағдайда мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкеріне хабарлау;
— Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау.