Семинар барысында ата-аналар флешмобқа, эстафеталық және ұлттық ойындарға белсене қатысты. Атап айтқанда:
Спорттық және ұлттық ойындар: асық ату, бес асық, садақ ату, қол күрес және тоғызқұмалақ.
Шеберлік сағаттары: ағаштан бұйымдар жасау және сәнді брошь дайындау.
Сонымен қатар, қатысушылар ырғақты музыка сүйемелдеуімен ән орындап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Бүгінгі семинар аясында мектебіміздің директоры Г.Д.Төлеудің бастамасымен өткізіліп жүрген үздік жобамыз «ПАЙДАЛЫ 15 МИНУТ» Осы жұмысты 4 жыл бойы үздіксіз жасап жүрген әріптестеріміз мектеп директорының арнайы сыйлығы мен алғыс хаттарымен марапатталды.
