«Құндылықтарға негізделген мектеп мәдениетін қалыптастырудың тиімді моделі»

2025 жылғы 9 желтоқсан «Құндылықтарға негізделген мектеп мәдениетін қалыптастырудың тиімді моделі» халықаралық форумы аясында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде тәжірибе алмасу шарасы өтті.
Форумға шетелдік мамандар, аймақтық білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
Қонақтар «Адал азамат» тәрбие брендингі бойынша мектеп аймақтарымен танысты. Пәндерге құндылықтарды кіріктіру бағытында мұғалімдер практикалық сабақтар өткізді.

Іс-шара «Кәсіби серпін» тренингімен аяқталып, қонақтарға ұлттық нақыштағы сыйлықтар табысталды.
Бірлік пен ынтымаққа негізделген білім — мектеп мәдениетінің басты тірегі!