You are currently viewing «Сырбай Мәуленов: ақындық мұрат, сарбаздық рух, азаматтық болмыс» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

«Сырбай Мәуленов: ақындық мұрат, сарбаздық рух, азаматтық болмыс» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің шығармашылық және азаматтық мұрасын дәріптеуге арналған «Сырбай Мәуленов: ақындық мұрат, сарбаздық рух, азаматтық болмыс» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараның пленарлық бөлімі «Дарын» күйшілер ансамблінің орындауындағы «Адай» күйімен ашылды. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жарқын бейне» атты деректі фильм көрермен назарына ұсынылды.

Конференцияның салтанатты ашылуында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің директоры Гүлжан Төлеу сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті.

Құттықтау сөздерімен Астана қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Аманкелдіқызы Аманкелдиева және Астана қаласы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы Жанар Мәулетханқызы Бейсенбаева сөз алып, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Конференция барысында танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері баяндама жасап, Сырбай Мәуленовтің әдеби мұрасы, азаматтық ұстанымы және поэзиясындағы рухани құндылықтар туралы тың ойларымен бөлісті.
Спикерлер қатарында:
– Тұрғынбеков Серік Тұрғынбекұлы,
– Мәуленов Қасым Сырбайұлы,
– Негимов Серік Нығметоллаұлы,
– Сақ Қайрат Өмірбайұлы,
– Мадибаев Аслан Избасарович,
– Ахметова Ғайния Сандыбайқызы болды.

Іс-шара соңында ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен конференцияға белсене атсалысқан қатысушылар Астана қаласы Білім басқармасы мен «Астана дарыны» орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Конференцияның шығармашылық бөлімі ақынның музыкалық мұрасына арналды. Сырбай Мәуленовтің өлеңдеріне жазылған әндер қазақ өнерінің алтын қорына енгені атап өтіліп, көрермендерге сол шығармалардан үзінділер ұсынылды.