You are currently viewing Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Астана қаласы әкімдігінің «Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына келесі өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз:
1. Жарғының 54-тармағының 10) тармақшасы төмендегі жаңа редакцияда жазылсын:
Кәсіпорында белгіленген бірыңғай мектеп формасын сақтау міндетті, бұл ретте түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін және дене шынықтыру сабақтарында спорттық емес киімдерді киюге жол берілмейді.
2. Жарғының 55-тармағы келесі 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін енгізуге тыйым салынады;
Мектеп формасына травматикалық фурнитурасы бар киімдер мен аксессуарларды киюге тыйым салынады.
3. Жарғының 59-тармағы келесі 8) тармақшамен толықтырылсын:
Мектеп формасынан түрлі діни конфессияларға тиесілілік белгілері бар киім элементтері мен травматикалық фурнитурасы бар аксессуарларды алып тастау міндетті.